Әңгімеге тартусатысының атқаратын қызметі:
А) уәждемелік (жаңа ақпаратпен жұмыс істеуге қызықтыру, алдына мақсат қою мен оны жүзеге асыру тәсілдеріне ынталандыру);
Ә) ақпараттық (тақырып бойынша бар білімді «ішінара» тарту);
Б) қатысымды (шиеленіссіз пікір алысу).
Берілген сатының маңыздылығы сол, мұнда сабақтың барлық кезеңдері бірімен тығыз байланысты ғана емес, сондай-ақ бір-біріне тәуелді болып келеді.
Әңгімеге тарту сатысын ұйымдастыру тәсілдері жүйесі жеке жұмысты ұйымдастыру тәсілі ретінде және жұптық жұмыс пен топтық жұмысты ұйымдастыруда да жиі қолданылады. Шақыру сатысын құруды төмендегідей кесте түрінде беруге болады:
мұғалім қызметі
оқушы қызметі
әдістер мен тәсілдер
Бұл саты үйренушілердің зерттейтін мәселесін өзек тілендіруге, тақырып бойынша бар білімін белсенділендіруге, әрі қарай жұмыс істеуге ынталандыруға бағытталған. Үйренуші зерттелетін мәселе бойынша белгілі нәрселерді есіне түсіреді (болжам жасайды), жаңа материалды алғанға дейінгі ақпаратты жүйелейді, өзі жауап алғысы келген сұрақтарды қояды.
Инвентаризация – белгілі ақпараттар тізімін жасау;
Әңгіме – тірек сөздер бойынша болжам жасау;
Шын және жалған бекіту жаттығулары;
Шатастырылған логикалық тізбектер; Жұптық жұмыс: ой түрткі, «миға шабуыл»;
«Қысқа және шұбалаңқы сұрақтар»;
Материалды кескіндік жүйелеу (кластер, кестелер).
Сабақ барысында тәсілдерді таңдағанда белгілі бір жүйелілік пен логика сақталуы тиіс екендігін атап өту керек. Мысалы, егер әңгімеге тарту кезеңінде «тірек терминдер» немесе «шатастырылған логикалық тізбектер» қолданылса, онда рефлексия кезеңінде мәтінді оқығанға дейін орындалған тапсырмаларға қайта оралу маңызды, оқушыларға ұсынылған оқиғаны немесе түсінікті хронологиялық немесе себепсалдарлы жүйеде қайтадан құру тапсырылады. Тәжірибе көрсеткендей, берілген тәсілдерді дайындау және жүзеге асыру өте оңай.
Төменде «Мінез және маман» тақырыбы бойынша сыни ойлауды дамыту технологиясын сабақта пайдаланудың үлгісі көрсетілген. Қолданылған стратегиялар: инвентаризация, материалды кескіндік жүйелеу, «миға шабуыл», Әңгіме тірек сөздер бойынша болжам жасау; «қысқа және шұбалаңқы» сұрақтар. Оқудың мақсаты – лексикалық дағдыларды тыңдалуым, сөйлесі, жазылым арқылы жүйелеу. Қатысымды мақсаты – нағыз дос қандай болуы керек, үлгілі отбасы қандай болуы керек, адамдардың қандай қасиеттері құнды деп есептейсіз деген сұрақтар төңірегінде пікір алысу т.б.
1-қадам
Мұғалім балаларға қағазға 9 баспалдақтан тұратын «саты» жасауды өтінеді. Төмендегі сатыда ең әлсіз эмоционалды (жағымды, жағымсыз) сөздер жазылады. Жоғары сатыда керісінше күшті, эмоционалды сөздер жазылады. Қандай адамдарды жақсы көресің, жек көресің. Түсіндіріңіз.
Дос деп санайтын адамдарды сипаттаңыз. Неліктен?
Тамаша отбасы қандай болады? Сипаттаңыз. Төмендегі мамандықтарды сипаттау үшін не керек? (Тәрбиеші, кітапханашы, заңгер, дәрігер).
2-қадам
Мұғалім сын есімдер қатарын оқиды. А) Мінез-құлықты сипаттайтын сөздер. Б) Отбасылық қатынастарды сипаттайтын сөздер. Әрине, сын есімдер тізімін өзгертуге де болады. Оқушылардың міндеті-сын есімдерді жеке қасиет құндылықтарына сәйкес баспалдақтарға орналастыру.
Жұмыс барысында оқушылар сөздердің орнын ауыстыра алады. Мысалы, көпшіл, тұйық, жауапты, қайырымды, тәрбиелі, мейірімді, әдепті, әзілқой, кертартпа, мақсатшыл, табанды, т.б. 3-қадам
Оқушылар сөздерді неге осылай орналастыру себебін түсіндіру керек.
Мейірімді, қайырымды адамдарды жақсы көремін. Көңілді адамдармен дос болуды жақсы көремін. Мен қайырымды, көпшіл адамдарды ұнатамын. Мен қатыгез, қатал адамдарды ұнатамын. Мен көңілді адамдармен дос болғым келеді. Мен әзілқой адамдармен дос болғым келеді. т.б. Кесте сызылып, карточкалар жасалады. Карточкалар оқушылардың санынан 3 есе көп болуы тиіс. Карточкаларда адамның қасиетін сипаттайтын сөздер жазылады. Карточкаларды оқушылар өз қалауынша ауыстырып алуына болады.
Осы технология оқылым мен жазылым арқылы сыни ойлауды дамытатын болғандықтан, оқылымға үйрету сабағында әңгімеге тарту кезеңін ұйымдастыру тәсілдерін беріліп отыр. Берілген мысалдарда ақпараттық материалды кескіндік жүйелеу стратегиясы пайдаланылады. Тапсырманы және оны жүргізу формаларын мұғалім сабақтың мақсатына, мәтін түріне және оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай анықтайды.