В01306 – Бастауыш білім беру ағылшын тілінде мамандығы СӨж тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістері Студент: Тәліпханова Н. Н



бет3/8
Дата22.11.2022
өлшемі30,92 Kb.
#51726
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сөж 5 каз

Анкета бойынша сұрап білу әдісі




Бұл әдіс бойынша бүкіл сынып немесе бірнеше сынып оқушыларының білім сапасын тексеруге болады. Ғылыми- зерттеу жұмысында анкета әдісі арқылы методикада ұсынылған кейбір әдіс тәсілдердің тиімді деген жақтарының дұрыс- бұрыстығын тексеруге мүмкіншіліктер болады.

11

Эксперимент әдісі




Бұл әдіс методикада мектеп тәжірибесіне байқау жасап, белгілі бір ұсынылған әдістің тиімділігіне әбден көз жеткізу мақсатында, соны тексеру үшін пайдалы. Қазақ тілі сабақтарында эксперимент жұмысы сабақта қолданылған әдістердің тиімділігін байқау үшін қолданылады. Мұндай мақсатта эксперимент қатар сыныптарда жүргізіледі.

12

Бақылау әдісі.




Мұнда оқушының сабақ үстіндегі іс-әрекеті (оқу әрекеті), үй тапсырмасын орындауы, материалды игеру қабілеті, дағдысы мен іскерлік деңгейі бақыланады.



13

Кітаппен жұмыс әдісі




Оқушыларға берілетін теориялық білім оқулық пен оқу құралдары бойынша жеткізіледі. Бұлқұралдар әрбір сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына негізделіп жасалады. Мұғалім қазақ тіліне арналған материалдардың ерекшеліктерімен бірге оларға байланысты берілетін анықтамалар мен ережелерді оқытып, түрлі жаттығу жұмыстарын оқулық пен көмекші құралдар негізінде іске асырады.

14

Түсіндіру әдісі




 қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құрал, таблица, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді. Түсіндіру барысында оқушылардың назарын аудара отырып, әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып қызықты түсіңдірсе, оқушы сол тақырыпты ынталы түрде тыңдай отырып, сол проблемалық мәселені өздері шешуге талаптанады. 

15

Көрнекілік әдіс




Тілдің грамматикалық құрылысын, оның жекелеген категорияларын оқушыларға жан-жақты түсіндіруде, тақырыптық, талапқа сай жасалған көрнекі құралдарды пайдаланудың үлкен маңызы бар. Қазақ тіліндегі берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау, не бекіту, жаттығу жаздыру кезінде пайдаланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға білімді қызықты, жалықтырмай игеруге себебін тигізеді.

16



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет