Реактивтер: сусыз натрий ацетаты,этил спирті, концентрлі күкірт қышқылы.
Құрғақ пробирканың деңгейі 2 мм-ге дейін толатын натрий ацетатының ұнтағын салады және үстіне 3 тамшы этил спиртін тамызады. Тағы да 2 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып қыздырады. Бірнеше секундтан кейін сірке-этил спиртіне тән хош иіс сезіледі.
Реакцияның химизмі:
Катализатор ретінде күшті қышқылдың (Н2SО4) қатысымен жүрген этерификациялану реакциясы нуклеофилді орнбасу механизмі (SN) арқылы жүреді.
Бақылау: Бұл сабақтың бағалау әдісі компотенциясына кіреді:
«Білім» компетенциясын бағалау: ауызша жауап беру, кіші топтармен жұмыс істеу (тәжірибелік жұмыстарды түсіндіре білу), жазбаша сұрау (билеттер немесе тесттер арқылы), үйге берілген тапсырмаларды орындау(жаттығулар мен тесттерді жасап келу) арқылы бағаланады.
БАҚЫЛАУ: Жаттығулар Адреналин – бүйрекүсті милы қабатының гормоны, норадреналин мен дофамин адреналиннің алғы заттары:
Функционалды топтарына қарай жіктелу сипаттамасын беріңіз және қышқылдық-сілтілік қасиеттерін анықтаңыз. Норадреналиннен адреналинді алу реакциясының схемасын жазыңыз.
2) Пропанол-2, бензил спирті, фенол, гидрохинон, этантиолдың қышқылдық қасиеттерін дәлелдеңіз. Қандай қосылыстар натрий гидроксидімен әрекеттесу арқылы қышқылдық қасиет көрсетеді? Реакцияларын жазыңыз. Келесі заттардың тотығу реакцияларын жазыңыз: 1) пропанол-2; 2) бензил спирті; 3) гидрохинон; 4) метанол; 5) метантиол. Осылардың ішінде кофермент Q-дың әсеріне ұшырайтын қандай реакция?
Келесі аминдердің негіздігіне радикалдар қалай әсер етеді: метиламин, метилэтиламин, анилин. Бұл аминдердің хлорлы сутекпен тұз түзу реакцияларын жазыңыз.
3-гидрокси-2,2,4-триметилпентанальді алу үшін альдолдық конденсация реакциясында қандай заттар пайдаланылады?
Келесі түрөзгерістерді орындаңыз:
C2H5OH,Н+ KMnO4,H2O H2O,H+ NH3 а кролеин А Б В Г
Өнімдерді атаңыз.
Төмендегі реакция схемаларын толықтырып жазыңыз:
Сірке қышқылы + НSКоА® А + Н2О
Малон қышқылы + НSКоА® В + Н2О
А + В Г
Бұл реакцияның биологиялық маңызын түсіндіріңіз.
Қымыздық қышқылы мен малон қышқылы қыздырғанда декарбоксилденеді,неге ангидридтер түзбейтіндігін түсіндіріңіз. Реакцияларын жазыңыз.
№7 Тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫП:Биополимерлердің физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. Белоктардың жалпы қасиеттері. Жоғары молекулалық заттардың ісіну кинетикасын тәжірибе арқылы зерттеу. Пептидтер мен белоктарға сапалық реакциялар.
МАҚСАТЫ: ЖМЗ молекулаларының құрылыс ерекшеліктеріне қарай ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттерін түсіндіре білуге үйрету.
Полимердің ісіну кинетикасын және белоктың изоэлектрлік нүктесін анықтауға дағдыландыру.
α-аминқышқылдарына, пептидтерге, белоктарға сапалық реакциялар жасауға және алынған нәтижелерді дәлелдеуге дағдыландыру.