Пестицидтар ұғымы Пестицидтер лат pestis «инфекция»



бет1/4
Дата13.05.2023
өлшемі25,48 Kb.
#92883
  1   2   3   4

18. Пестицидтар ұғымы
Пестицидтер (лат. pestis «инфекция» + caedo «өлтіру») — зиянкестермен және өсімдік ауруларымен, сондай-ақ әртүрлі паразиттермен, арамшөптермен, астық және астық өнімдерінің зиянкестері, ағаш, мақта өнімдері, жүн, тері, эктопаразиттермен күресу үшін қолданылатын хими-ялық заттар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек. Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.
19. МСОП – Халықаралық табиғаты қорғау кеңесі, мақсаты мен міндеттері;
Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы табиғатты сақтау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйым. Ол деректерді жинау және талдау, зерттеу, далалық жобалар, ақпараттық-насихаттау және білім берумен айналысады. Штаб пәтері Швейцарияда. Ол 1948 жылы құрылды. (ХТҚО 1990 жылдың желтоқсанынан бастап "Дүниежүзілік табиғат қорғау одағы деп аталады".) Мақсаты — дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстардыжәне өсімдіктердің «Қызыл кітабын»ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. «Қара кітапқа» жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді. Миссия – дүние жүзіндегі қоғамдарға табиғаттың тұтастығы мен әртүрлілігін сақтауға ықпал ету, ынталандыру және көмектесу және табиғи ресурстарды кез келген пайдалану әділ және экологиялық тұрақты болуын қамтамасыз ету. Кәсіподақ құрамына мүше ұйымдардан басқа 6 ғылыми комиссия мен кәсіби хатшылық кіреді.
20. Су – тірі заттың негізгі құраушысы. Оның құрамы мен қасиеттері;
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи суқұрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді. Су табиғатта қатты,сұйық және газ түрінде кездеседі. Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды, себебі тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстарының әлемдік су айналымы барысында үздіксіз қалпына келіп отырады. Өкінішке орай, соңғы жылдары Әлемдік Мұхиттарға мұнай өнімдерінің төгілуі, биологиялық алуан түрліліктің азаюы ұлғайып, тропикалық жағалауларга антропогендік қысым көп түсуде.  Сондықтан, су қорларые тиімді пайдалану біздің ең бірінші мақсатымыз деп білемін.
21. Қоршаған орта жағдайын бақылаумен айналысатын халықаралық ұйымдардың маңызы;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет