Акт-ХИБ бір реттік қолданбалы түрде, арнайы шприц дозада шығарылады және оның инесі ауырсынуды басатын арнайы құраммен өңделген. Соңғы уақытта шетелдерде комбинирленген 4-5-6- компоненттік препараттар қолданылады, оның құрамында бірнеше вакцина кіреді:

«Тетраксим»- АКДС+ ИПВ
«Пентаксим» – АКДС+ ИПВ+ Хиб
«Гексавак» немесе «Инфанрикс Гекса» — АКДС+ИПВ+ гепатит В+ Хиб
«Тринтатрикс Геп В» – АКДС+ гепатит В.
«Тетракок» -АКДС+ ИПВ
«ТетрАкт-Хиб» -АКДС+Хиб
«ПентАкт-Хиб» -АКДС+ ИПВ+Хи.
Бірнеше жыл көлемінде Қазақстанда мына препарат жиі қолданлылады — «Тринтатрикс Геп В».
Қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық вирустарының әлсіреген тірі вакциналық штаммаларынан тұратын қабаттастырылған препарат. Сонымен қатар, олар бөлек өсіріледі: қызылша вирусы және паротит тауық эмбрионы культурасында, ал қызамық вирусы адам диплоидты жасушасында.
ПКВ 13 (Превенар -13)
Пневмококк (Streptococcus pneumonia) — грамм оң диплококк, полисахаридті капсуламен қапталған. Пневмококтың 90 серологиялық типі белгілі, соның ішінде 20-сы кең тараған және адам үшін қауіпті. Пневмококк әртүрлі бала ауруларының қоздырғышы болып табылады, соның ішінде менингит, пневмония, бронхит, ортаңғы отит, синусит және т.б.
Пневмокк инфекциясы ауа — тамшылы жолымен және ауру адамдар мен сау тасымалдаушылардан қарым-қатынас арқылы жұғады. Пневмоккты этиологиялы аурулар тыныс алу жүйесі ауруларының құрылымында маңызды рөл атқарады және қатаң медико-әлеуметтік мәселе болып табылады. Сонымен Казақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне 2010 жылдың соңында қосылған соңғы вакцина — пневмококк вакцинасы. Қазакстанда осы вакцинаның үш түрі тіркелген: ПКВ 7, ПКВ 10 және ПКВ13.