Тақырыбы: Балалар инфекциялық ауруларының иммунопрофилактикасы. Көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері. Асқынуы және алдын алу шаралары.
Орындаған: Әділ С.Е
641ВОП
Тексерген: Турдалина Б.Р
Иммунопрофилактика
Жасанды иммунитетті күшейту немесе орнату мақсатында жасалатын халықты немесе индивидуальдыжаппай қорғау әдісі. Оның өзі арнамалы емес және арнамалы болып бөлінеді. Біздің қарастыратынымыз арнамалы иммунопрофилактика болып табылады.
Вакцинация және егу күнтізбесі
Орындаған: Оспанова М.Б. 213-топ
Вакцинация
Егу, вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.
Түрлері
Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар:
міндетті егу – балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т.б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы;
жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы;
эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.
ҚР қолданылатын вакциналық препараттар. Егу күнтізбесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2295 қаулысына сәйкес балаларға келесі екпелер жүргізіледі:
Профилктикалық егуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер
1. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімдер: 1) осы вакцинаны бұрын салғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болатын қатты реакция (дене қызуының Цельсий бойынша 40 градусқа және одан да жоғары көтерілуі, әдеттегіден өзгеше, ұзақ, үш және одан да көп сағат қатты жылау синдромы, фебрильді немесе афебрильді тырысулар, гипотоникалық-гипореактивті синдром); 2) осы вакцинаны бұрын салғанда болатын асқынулар – тез болатын аллергиялық реакциялар, соның ішінде егуден кейін 24 сағат ішінде пайда болатын анафилактикалық шок, вакцина салғаннан кейін жеті күн ішінде пайда болатын энцефалит немесе энцефалопатия. 2. Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты қарсы көрсетілімдер: 1) АИТВ-инфекциясын қоса алғандағы тұрақты иммун тапшылық жағдайы; 2) қатерлі қан ауруларын қоса алғандағы қатерлі ісік; 3) жүктілік