9) Үзіліссіз таралған зарядтың потенциалдық энергиясы мен зарядталған конденсатордың энергиясына сипаттама беріп,формуласын жазыңыз.
Электростикалық өріс - қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі. Жермен өзара әрекеттесетін кез - келген дене оның центірінен әр түрлі қашықтықта түрліше потенциалдық энергияға ие, g1 электр заряды басқа g2 зарядынан әр түрлі қашықтықта болған сайын әр түрлі потенциалдық энергияға ие болады. [1] g заряды тудырған электр өрісіндегі зарядты, өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің атқарған жұмысы электрлік өзара әрекеттің потенциалдық энергиясының өзгеру өлшемі болып табылады:
A=Eп-Eк
Өрістің әр нүктесіне зарядқа осы зарядқа пропорционал F=gE күші әрекет етеді. Заряд орын ауыстырғандағы бастапқы және соңғы орындарына тәуелді:
A/g=Еп1/g-Еп2/g
Eп1 мен Еп2 электр өрісінің 1 және 2 нүктелеріндегі g зарядының потенциалдық энергиясы. Бұл зарядтың әр нүктедегі потенциалдық энергиясы әр түрлі болады. Ол зарядтың өзіне және өрістің қасиеттеріне байланысты. Eп/g қатынасы зарядтың шамасына тәуелді емес, өрістің энергетикалық сипаттамасы деп қабылдап, p әріпімен белгілейді және берілген нүктедегі өрістің потенциалы деп атайды:
Р=Еп/g
Eп1/g-Еп2/g шамасы бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясының өзгеруі болып табылады. Өрістің нүктелерінің арасындағы потенциалдар айырымы дейді және оны р1-р2 немесе U деп белгілейді:
U=p1-p2=Eп1/g-Еп2/g=A/g
Өрістегі заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқаратын жұмысы мынаған тең:
A=g(p1-p2)=gU
Өрістің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырымының физикалық мәні бар - кернеу деп атайды. Потенциалдар айырымы электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады. Электр өрісінің кернеулігі қарастырылатын нүктелер арасындағы кернеудің олардың арақашықтығына қатынасына тең.