Вакуумдағы электр өрісін сипаттаңыз. Электр заряды туралы


Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы



бет6/8
Дата20.02.2023
өлшемі8,66 Mb.
#69484
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
электр және магнетизм

Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы.
Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңы, өткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын жылуды анықтайтын Джоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады. Тұрақты ток көздеріне электр машиналарының генераторы, гальвани элементтері, термоэлементтер, батареяларға топтастырылған фотоэлементтер, күн көзінің батареялары, алдын ала зарядталған аккумуляторлар және — пайдалы әсер коэффициенті жоғары магниттік гидродинамика генераторлары жатады. Тұрақты токты жартылай өткізгіштердің және басқа түзеткіштердің көмегімен, айнымалы токты түзету арқылы өндіруге болады.



Электр тоғының тығыздығы – электр тогының векторлық сипаттамасы. Э. т. т. векторының модулі – зарядтың қозғалу бағытына перпендикуляр бірлік аудан арқылы бірлік уақыттың ішінде өтетін электр зарядына тең. Егер зарядтың тығыздығы (бірлік көлеміндегі заряд) -ға тең болса, онда Э. т. т.: j= , мұндағы  – зарядтардың реттелген орын ауыстыруының орташа жылдамдығы. Егер Э. т. т. өткізгіш қимасы бойынша бір қалыпты таралса, онда ток күші (І) мынаған тең: І=jS, мұндағы S – өткізгіштің қимасының ауданы.


12. тұрақты ток бар кездегі электостатикалық өріс бөгде ЭКҚ ұғымдарын сипаттаңыз
Зарядтың электр өрісі материалдық объект болып табылады, ол кеңістікте үздіксіз және басқа электр зарядтарына әсер етуге қабілетті. Тұрақты зарядтардың электр өрісі электростатикалық деп аталады деп аталады . Электростатикалық өріс тек электр зарядтары арқылы жасалады, осы зарядтарды қоршап тұрған кеңістікте болады және олармен ажырамас байланыста болады.
Егер зарядталған таяқшаны электрскопқа оның осіне тигізбестен, белгілі бір қашықтықта әкелсе, жебе бәрібір иіліп тұрады. Бұл электр өрісінің әрекеті.



Электр Қозғаушы Күші (ЭҚК) – электр тізбегіне жалғанған, табиғаты электрстатикалық емес энергия көзі. Тек қана электрстатик. күштер тұйық тізбекпен тұрақты токтың үздіксіз жүруін қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл күштердің тұйық контур бойымен зарядты қозғалтуы үшін жұмсайтын жұмысы нөлге тең, ал ток жүрген кезде әдетте энергия шығыны болады. Сондықтан тұйық контурмен үздіксіз ток жүруі үшін электр тізбегінен тыс басқа бір энергия көзі болу керек. Бұл энергия көзі энергияны сырттан ала отырып, оны зарядтардың қозғалыс энергиясына айналдырады да, қосымша электр өрісін (Е) тудырады[1]. Мұндай қосымша электр өрісі күшінің тұйық контур бойымен істейтін жұмысы нөлге тең болмайды: . Е' шамасы ЭҚК деп аталады және оның шамасы бірлік зарядты қозғалтуға кететін электрстатик емес күштердің жұмысына тең. Потенциал сияқты ЭҚК-да өлшеу бірлігі – Вольт (В). Электролиттердегі иондардың диффузиясы, контур арқылы өткен магнит ағынының өзгеруі (эл.-магн. индукция), т.б. ЭҚК тудырады.[2]

Токтың жұмысы деп — тогы бар тізбектен уақыт бойынша өтіп тұрған тог күші өткізгіш ұштарындағы кернеу және осы уақыттың шамаларының көбейтіндісіне тең болған физикалық шамаға айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет