«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет115/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Жыныстық зорлық деп кез-келген қаламаған кісіге күштеп көрсетілетін 
жыныстық іс-әрекет деп түсінеміз. 
Жыныстық зорлықта зорлау мен жыныстық сипаты бар зорлық-зомбылық, 
жыныстық әрекеттерге мәжбүрлеу, жыныстық қанаулар жатады. Соңғы кезде балалар 
мен жасөспірімдерге жасалатын зорлықтың жиілегені байқалады. Жыныстық зорлықтың 
түрі әр түрлі болып келуі мүмкін – вербальді, визуальді, физикалық. Зорлық нысаны 
әйелдер, балалар және еркектер болуы мүмкін. 
Зорлық – бұл назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе. Кез келген зорлық – бұл 
жеке адамның өсуін талқандау болып табылады. Зорлық – арқылы адамды шексіз 
билеуге, басқа адамның іс-әрекетін, ойларын, сезімдерін толық бақылауға қол жеткізеді. 
Осы тәріздес билік пен бақылауға қол жеткізу тәсілдері: кемсіту, балағаттау, қоқан-лоққы 
жасау, қорқыту болып табылады. 


126 
Міндеттердің шешімін әр түрлі салалар қызметкерлерімен: әлеуметтік, кешенді, 
құқық қорғау органдарымен, жұмыспен қамтамасыз ету қызметі және медицина, ғылыми 
мекемелермен т.б. бірлесе отырып орындайды. 
Әлеуметтік қызмет маманы жедел және кешенді қызмет көрсетеді (жедел 
экономикалық көмек, заңдық, медициналық қызмет алуға септігін тигізу). 
Жәбірленушімен қатар оның отбасына да әлеуметтік патронаж жүзеге асырылады. 
Зорлықтан қорғау стационарлы жағдайда да, стационарсыз мекемелерде де 
орындалады. Стационарсыз мекемелердегі жұмыс, әдетте, құқық қорғау органдарының 
қызметі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің қызметімен ұштасады. Біріншілері 
зорлықты тоқтатса, екіншілері жәбірленушіге айықтыру (оңалту), заңдық және басқа да 
көмек түрлерін көрсетеді. Соңғы жылдары елімізде әлеуметтік және психологиялық 
көмек көрсету орталықтарының жүйесі даму үстінде. 
Адам саудасы – адамдарды сату және олардан табыс табу мақсатында пайдалану. 
Бұл мәжбүрлеу немесе алдап-арбау арқылы жезөкшелікке итермелеу, қайыр сұрауға 
немесе қара жұмысқа жегу болып табылады. 
Бірақ, өкінішке орай, көп жағдайда азаматтар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, 
нәтижесінде қауіпті жағдайларға тап болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет