124
көмектеседі
Сүйіспеншілікті білдірудің басқа жолдары
бар
Мейлің қала бер. Мен басқасын табамын
Өз абыройын былғағысы келмейді
Бәрі де
осылай жасайды, заманға сай болу
керек
Сізге билік жүргізетін
адам тарапынан
қысым көрудесіз
Менің айтқанымды орындауыңды талап
етемін
10. Шағын топтардағы жұмыс. Жағдайларды ойнап шығу.
Оқытушы оқушыларды шағын топтарға «гүлдесте» (раушан, қызғалдақ,
қалампыр,
жасмин) қағидатымен бөліп, әр топқа алдын ала
дайындалған тесттер бойынша
жағдайлардың біреуін ойнап шығу ұсынылады.
Мүмкін жағдайлар:
1 жағдай.
Сізде әлі жыныстық байланыста тәжірибе жоқ. Сіздің достарыңыз өз айтулары бойынша,
жыныстық қатынаста болған, олар сіздің үстіңізден мысқылдап күлуде.
Бұл сіздің
намысыңызға тиеді, ренжисіз және сіз оларға тойтарыс бермекшісіз.
2 жағдай.
Сіздің қарама-қарсы жынысты құрдасыңыз сізді мүлде бейтаныс компанияның кешіне
бірге баруға шақырды. Оның өтініші сізді қатты қобалжытып, үрейлендірді. Оның үстіне,
сіздің құрдасыңыздың мектептегі абыройы мақтанарлықтай емес. Сіз оған «Жоқ!» деп
айтуға бел будыңыз.
3 жағдай.
Сіз татуировка жасап, құлақ тестірмек болдыңыз. Сіздің досыңыз оны жасатуға болатын,
өзіне белгілі бір мекемені ұсынды. Ол
жерге барғаннан кейін, бұл орын санитарлық-
гигиеналық талаптарға сай емес екенін көрдіңіз. Сіз АИТВ мен лас инелер туралы естіген
едіңіз. Жағдайды бағалап, сіз табанды түрде «Жоқ!» дейсіз де, досыңызға тез арада бұл
жерден кетуді ұсынасыз.
4 жағдай.
Сіздің ата-анаңыздың танысы сізді үйіңізге жеткізіп салуды ұсынды.
Сізге ол адам
ұнамайды, сіз оның жанында өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Сіз бірден онымен бірге барудан
бас тартасыз.
Топттағы оқушылар жағдайларды ойнап шыққаннан кейін,
оқытушы әр топқа
басқа оқушылармен өз тәжірибелерін бөлісуді ұсынады. Осы мақсатпен әр топқа келесі
сұрақтарға жауап беру ұсынылады:
•
Қандай жағдайларға немесе пайымдауларға жауап беру қиынырақ болды?
Қайсысына оңайырақ? Не себептен?
•
Басқа адам сенді ме?
•
Бұл жағдайлар шынайы ма?