«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


алуға бағытталған адамның өмір салты



Pdf көрінісі
бет5/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

алуға бағытталған адамның өмір салты. 
Оқытушы салауатты өмір салтын қалыптастырудың мына негізгі 
ережелеріне оқушылардың көңілін аударады:
1. Салауатты өмір салтын белсенді түрде ұстанушы болып адамның өзі табылады.
2.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізінде әлеуметтік, физикалық, 
интеллектуалдық және психикалық қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыруға 
арналған адамның жеке-уәждемелік (мотивациялық) мақсаты жатыр.
3. Салауатты өмір салты денсаулықты, аурулардың алғашқы профилактикасы мен 
денсаулықтағы өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандыруда қамтамасыз 
етудің ең тиімді тәсілі мен құралы болып табылады. 
8. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі, әр топқа 
салауатты өмір салтын негізгі құраушыларды атауын және оны талқылауын 
ұсынады.
Оқушылардың жауаптары флипчартта жазылады. 
Сонан соң әрбірі таныстыру жұмыстарын (презентация) жасайды, мысалы: 



 
Салауатты өмір салтын құраушылар: 
 

ерте балалық шақтан бастап жақсы әдеттер мен дағдыларды адам бойында 
тәрбиелеу; 

тіршілік етуі үшін қауіпсіз және қолайлы қоршаған орта; 

темекіден, есірткілік, уытты заттарды тұтынудан, алкогольден бас тарту; 

дұрыс тамақтану; сапалы өнімдерді тұтыну; 

физиологиялық және жас ерекшеліктері ескерілген арнайы дене 
жаттығуларынан тұратын физикалық белсенді өмір; 

денсаулықты сақтау мен нығайтуға септігін тигізетін гигиеналық ережелерді 
сақтау; 

дәрігерлік көмекке дейінгі машықтарды білу; 

шынығу. 
Оқытушы адамның физиологиялық жағдайына оның психоэмоциялы жағдайы 
үлкен әсерін тигізетіндігін хабарлайды. Сол себепті, кейде салауатты өмір 
салтының келесідей аспектілерін қосымша бөліп көрсетеді: 

эмоциялы көңіл-күй: психогигиена, өз жеке басының эмоцияларымен, 
мәселелерімен күресе алу; 

интеллектуалды көңіл-күй: жаңа жағдайлардағы ең қолайлы іс-әрекеттер үшін 
жаңа ақпараттарды қолдану мен адамды тану қабілеті. Позитивті ойлау. 

рухани көңіл-күй: шын мәнінде маңызды, конструктивті өмірлік мақсаттарды 
құруға, оларға талпынып, қол жеткізуге қабілеттілік. Оптимизм. 

«әлеуметтік көңіл-күй» — өзге адамдармен өзара әрекет жасауға қабілеттілік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет