«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет7/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

11. 
Шығармашылық жұмыс. 
Соңында оқушылар ұжымдаса отырып талқылаудан соң «Денсаулық кодексін» 
жасап шығарып, рәсімдеп, көрнекі орынға іліп қояды. 
 
Денсаулық кодексі (үлгі).
 1. Есте сақта, денсаулық - бұл бәрі емес, бірақ денсаулық болмаса еш нәрсенің қадірі 
жоқ! 
2. Денсаулық – тек қана физикалық күш емес, сонымен бірге, жан-сезімдік 
мейірімділік. 
3. Денсаулық тек саған ғана емес, сен көмектесуге және қорғауға міндетті адамдарға 
да қажет.
4. Денсаулық – бұл біздің қажеттіліктерімізді сенің саналы межеде қанағаттандыра 
алу қабілетің. 
5. Денсаулық – бұл біздің тәніміздің физикалық және гигиеналық мәдениеті: адам 
тәнінен әдемі еш нәрсе жоқ. 
7. Денсаулық – бұл адамның ішкі-жан сезімінің мәдениеті: сені қоршаған адамдарға 
деген мейірімділік, үміт, сенім мен махаббат. 
8. Денсаулық – бұл адамның әлеуметтік мәдениеті, адамдық қарым-қатынастар 
мәдениеті. 
9. Денсаулық – бұл адамға деген махаббат пен құрмет: олар сен қалағандай саған 
қарым-қатынас жасасын десең, сен де олармен сондай қарым-қатынаста бол. 
10. Денсаулық – бұл табиғатқа махаббатпен және ұқыппен қарау: табиғат аға да, әпке 
де емес, ол адамзаттың анасы мен әкесі. 
11. Денсаулық – бұл сенің өміріңнің салты мен стилі: өмір салты – денсаулықтың 
қайнар көзі мен сенің қайғы-қасіретіңнің көзі – барлығы да саған және сенің өмір 
салтыңа байланысты. 
12. Денің сау болсын десең – дене жаттығуымен, таза ауамен және дұрыс тағамдармен 
дос бол: бәрін де пайдалан, бірақ теріс, асыра қолданба. 
19. Өз өміріңнің тәртібі мен стилін, салтын құр: сен оларды өмір бойы орындауың 
қажет. 
21. Сенің денсаулығыңның ең жақсы дәрігері – сен өзіңсің, бірақ дәрігердің 
кеңестерін тыңдап, оларды орында, оларға құлақ түр және құрметпен қара.
Сау бол! 
12. 
 Сабақ қорытындыларын шығару. 
Оқытушы оқушыларға мынадай сұрақ қояды: Бүгінгі сабақтан кейін сендер 
өздерің үшін қандай қорытынды жасадыңдар?
Сонан соң оқытушы оқушылардың жауаптарын жинақтайды: 



Денсаулықты сақтаудың кепілі – салауатты өмір салты екендігін сеніммен 
айтуға болады. Егер адам өмірді сүймесе, толыққанды рухани және 
физикалық ұзақ өмір сүруге талпынбаса, онда ешбір қазіргі заманғы ғылым 
да, дәрі-дәрмектер мен рецепттер де көмектесе алмайды. Денсаулықты 
сақтау үшін қандайда бір ғажайыпқа сенудің қажеті жоқ. Ең бастысы 
жоғары мінез-құлық мәдениеті мен салауатты өмір салты қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет