Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет41/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
51
БЕСІНШІ ЖОЛ
э
Жиған-тергенді  тұрғын үй нарығына 
бағыттаңдар
– Егер адам өз табысының тоғыз бөлігін күнде-
лікті өмірлік қажетіне жұмсаса және осынау тоғыз 
бөліктің бір мөлшерін әл-ауқатына зиян келтірмес-
тен пайда түсірер іске бағыттар болса, онда байлық 
тез өседі, – деп Аркад бесінші күнгі дәрісін бастады.  
– Вавилонда көп адамдар өз отбасыларымен төмен 
жағдайда ғұмыр кешеді. Олар баспана үшін қожа-
йындарға көп ақша төлейді, ал әйелдерінде тіпті гүл 
өсіретіндей бұрыш та жоқ, ендеше олардың көңілі 
қалай қуансын, сол сияқты, балаларында қоқысты 
бұрыш-қуыстардан басқа ойын алаңы жоқ.
Балалар таза жерде ойнайтындай, әйелдер жағы 
гүлмен бірге күнделікті ішіп-жемге қосымша көкө-
ніс өсіретіндей жер телімі болмаса, бірде-бір отбасы 
өмірдің қызықшылығына қуана алмайды.
Өз ауласында өскен інжір ағашының жемісі мен 
жүзім сабағын көрген еркектің көңілі көтеріледі. 
Жеке меншігіндегі тұрғын үй оның жанын семір-
тіп, жаңа іс-әрекетке құлшындырар еді. Сондықтан 
әр адамның өзін де, отбасы мүшелерін де қорғайтын 
баспанасы болуы қажет.
Көңілі соны қаласа, кез келген адам баспаналы 
бола алады. Біздің ұлы патшамыздың қала аумағын 
кеңіткені соншалық – Вавилонда қолжетімді бағаға 
сатып алуға болатындай бос жер жетерлік емес пе?


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет