Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет38/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
48
Көрдіңдер ме? Өзімнің шағын ғана табысымнан, 
әрқайсысы маған еселеп байлық таситын алтын құл-
дар әскерін жасақтай алдым. Олар, олардың ұрпақ-
тары, ұрпақтарының ұрпақтары да байлығымды ұл-
ғайтуға жұмыс істеді.
Алтынды дұрыс жұмсай білсең, ол тез көбейеді. 
Мынаған қараңдар: шаруа өзінің тұңғышы туылған-
да өсімқорға он күміс ақша беріп, оны ұлы жиыр-
маға толғанша сақтап беруді сұрады. Өсімқор әрбір 
төрт жылда берілген сомаға оның төрттен бірінде-
йін, яғни ширегіндей пайыз қосып отыруға келісті. 
Мәміле жасалды. Бұл соманың барлығы шаруаның 
ұлына тиесілі болғандықтан, ол өсім соманың өзін де 
салымға қосуды сұранды.
Ұлы жиырмаға толғанда шаруа өсімқорға барып, 
тапсырған күмісінің жай-күйін сұрады. Өсімқор 
оған мәміле негізінде алғашқы он күмістің ылғи да 
өсіп отырып, отыз жарымға жеткенін түсіндірді.
Шаруа бұған қуана қайран қалды да, ұлына бұл 
соманың әлі де қажеті болмағандықтан, жиналған 
күмісті өсімқорда қалдырды. Шаруаның ұлы елу-
ге толғанда оның әкесі о дүниелік болған еді, өсім-
қор шарт бойынша оған жүз алпыс жеті күміс тиын 
төледі.
Осылайша салым елу жылда он жеті есеге дерлік 
өсті.
Бүйірі қабысқан әмиянды сауықтырар үшінші 
жол мынадай: әрбір тиынды жұмысқа жегіңдер, ол 
жайлаудағы мал сияқты көбейіп, әмиянға байлық 
ағынын тоқтаусыз бағыттайтын болсын.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет