Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет57/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
67
жерде тұрып, көзсіз әрекет жасайтынын, соның сал-
дарынан сәттіліктің теріс айналатынын көрсетеді. 
Кеш өкінесің.
Көп жыл бұрын, онда әлі жас кезім, жақында 
ғана үйленген едім, табысым да көңілдегідей бола 
бастаған. Бірде әкем келді де, бір іске ақша салуды 
ұсынды. Жақсы досының ұлы қала қорғанының 
сыртында бос жатқан жер телімдерін көріпті. Канал 
арнасынан жоғарыда болғандықтан, ол жерге су бар-
майды екен.
Әлгі жігіт бізге мынадай жоспар ұсынды: аталған 
жерді сатып алып, су тартатын үш үлкен құрылғы-
ны өгіздер арқылы қозғалысқа келтіріп, алқапты су-
ғаруға болады. Міне, осыдан соң алқапты телімдерге 
бөліп, қала тұрғындарына бау-бақша егу үшін сату 
пайдаға кенелтеді.
Аталған жоспарды жүзеге асыруға қажетті бар-
лық шығынды өтеуге жігіттің алтыны жете қоймап-
ты. Ол да мен секілді жас әрі оның да табысы мардым-
сыз екен. Әкесі де, менің әкем сияқты, көп жанды 
отбасының отағасы болғандықтан, баласына бөлетін 
артық қаржысы қайдан болсын. Сондықтан ол осы 
іске үлестерін қосатын адамдар іздепті. Бұл топ он 
екі адамнан құралып, топ мүшелерінің әрқайсысы 
жер сатуға дайын болғанша табыстарының оннан бір 
бөлігін ортақ іске қосып отыруға тиіс еді. Жоспар 
іске асқанда, әркім қосқан ақшасына қарай әділетті 
түрде бөлінетін үлесін алатыны қарастырылған.
– Ұлым, – деді әкем, – сен әлі жассың. Мен өмір 
бойы сенің ауқатты да құрметті азамат болуыңды 
армандадым. Енді менің қатемді қайталамауыңды 
тілеймін.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет