АЛТЫННЫҢ БЕСІНШІ ЗАҢЫ Қолынан келмейтін іске ұрынған немесе алаяқтар мен жылпостардың қармағына түскен немесе болмашы тәжірибесі мен тез баю туралы бос қиялына сенген адамнан алтын іргесін аулақ салады. Алтын иесіне ылғи да сиқырлы ертегіге ұқсас елік-
тірер ұсыныстар түседі. Ондайда ұшқары әсер пайда
болады, байлық сиқырлы күшке айналып, шексіз
табыс әкелетіндей болып көрінеді. Бірақ ондай ұсы-
ныстарды білікті адамдар сараптайтын болса, жыл-
дам баюға жеткізеді дейтін әр жоспардың тасасында
қауіп тұрғаны көрініп қалады.