Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет89/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
98
Табыс табу мүмкіндігі жеткілікті адамдар басқа 
санатқа жатады. Олар сен секілді жұмыс істейді не-
месе қызмет етеді де, сол үшін тиісті ақысын алып 
отырады. Ондайлардың табыс көзі бар, егер олар сәт-
сіздікке ұшырамаса және адал болса, қарызын пайы-
зымен қоса қабат қайтаратынына сенемін. Мұндай 
қарыз адамның еңбегіне негізделген.
Мал-мүлкі де, табыс көзі де жоқ адамдар да бар. 
Өмір – қатал, сондықтан оған бейімделе алмағандар 
да табылады. Мұндайларға қайырымды достары ке-
пілдікке жүрмесе, менде ондайларға берілген бақыр 
тиынды да қайтарып алатын мүмкіндік жоқ.
Матон сандықтың ілгегін ағытып, қақпағын кө-
терді. Родан шыдай алмай алға ұмсынды.
Кепілзаттардың бетінде қызыл матаға оралған 
қола алқа жатты. Матон оны қолына алып, сүйсіне 
салмақтады.
– Бұл енді қолымда қалады, өйткені иесі о дүниеге 
сапар шекті. Бұл әшекейді оның иесі туралы естелік 
ретінде сақтаймын, ол жақсы досым еді. Шығыстан 
өзіне қалыңдық әкелгенше екеуміз сауданы табысты 
жүргіздік. Ол сұлу еді, бірақ басқа әйелдерге ұқса-
майтын. Қисайған жағына құлайтын. Досым оның 
орынсыз тілектерін орындаймын деп, алтынын есеп-
сіз шашты. Алтыны таусылғанда, ол торығып, маған 
келді. Екеуміз ұзақ сөйлестік. Өз ісін жандандыру 
үшін мен өз көмегімді ұсындым. Ол Киелі бұқаның 
бейнесі алдында іске кірісуге уәде етіп еді, бірақ оған 
тағдыр жазбады. Жанжал кезінде әйелі жүрегіне 
пышақ сұғыпты.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет