8-775-233-72-57 122 – Қалайша?
– Сенің патшаң жауларымен айқасқанда кез кел-
ген мүмкіндікті пайдаланады емес пе? Сенің дұшпа-
ның – ол сенің қарызың. Сені Вавилоннан сол қуды
емес пе? Демек, ол сенен әлдеқайда мықты. Егер сен
онымен ерлерше күрескеніңде, оны тізе бүктіріп,
жерлестеріңнің арасында абыройлы азамат болып
жүрер едің.
Содан кейін осы бір әділетсіз кінәлауды ойымнан
шығара алмай басым қатты, ойша онымен дауласып,
жанымның құлға тән еместігін айтып, өзімді-өзім
ақтаумен болдым, бірақ қордаланған ой-пікірімді
Сираның бетіне тура айтар мүмкіндіктің реті түспе-
ді. Үш күннен кейін күтуші қыз бәйбішеге шақыра
келді.
– Анам тағы сырқаттанып қалды, – деді ол.
– Келенің ішінен ең жақсы екі түйені тез қомда.
Бірнеше месті суға толтыр және ұзақ жолға жетер-
лік азық ал. Қызметші қыз азық-түлік береді.
Жалма-жан түйелерді қомдадым, қызметші қыз-
дың жолазықты сонша мол бергеніне қайран қал-
дым, өйткені бәйбішенің анасы бар болғаны біркүн-
дік жерде тұратын. Қызметші артқы түйеге отырды
да, мен бәйбіше жайғасқан алдыңғы түйені жетек-
теп жүрдім. Біз межелі жерге жеткенде қас қарайған
шақ еді. Сира қызметшіні үйге жіберді де, менен мы-
наны сұрады:
– Дабасир, сендегі жан ерікті адамдікі ме, құлдікі
ме?
– Еріктінікі, – деп жауап қайтардым.
– Енді соны дәлелдейтін мүмкіндік туып тұр.