Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет109/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
120
Бізде әтектер жеткілікті, ал түйе айдаушылар 
аз, барының өзі түкке жарамайды. Бүгін ауру шеше-
ме барып, халін білуім керек еді, ал түйені сеніп тап-
сыратын бірде-бір құл жоқ. Мына құлдан сұрашы, 
түйе бағуға қалай екен.
– Түйе жөнінде не білесің? – деп сұрады қожайын.
– Оны шөгере аламын, қомдаймын, ұзақ жолды 
шаршамай жүріп өтуіне қажетті жағдай жасаудан 
хабардармын. Егер қажеттілік туса, түйені емдей 
аламын.
– Мына құлдың әңгімесі түзу екен, – деп бағалады 
қожайын. – Сира, қаласаң, осыны айдаушы етіп ал.
Осылайша Сираның қарауына өтіп, сол күні шал-
ғайдағы сырқат шешесіне оның түйесін айдап бар-
дым. Сәті түскен жағдайды пайдаланып, оған тағды-
рыма араша түскені үшін ризашылығымды білдірдім 
және өзімнің тумысымнан құл емес, Вавилондағы 
беделді шебердің, ерікті адамның ұлы екенімді айт-
тым. Басымнан кешкен жайтты да баяндап едім, 
алайда оның жауабы етімнен өтіп, сүйегіме жетті.
– Егер осалдығың осындай жағдайға дейін құлды-
ратса, сен қалай өзіңді ерікті адамның ұлымын деп 
санай аласың? Егер адамда құлдың жаны болса, ол 
қайда және кімнен туылғанына қарамай, ойпаң жер-
ді қуалай ағатын су секілді түбінде құлдыққа түседі. 
Егер сенде ерікті адамның жаны болса, өз қалаңда 
жүріп-ақ, тағдырдың тәлкегіне қарамастан, құрмет 
пен абыройға бөленер едің.
Бір жылдан астам уақыт құл болдым, құлдармен 
бірге тұрдым, бірақ олардың біріне айнала алмадым. 
Бір күні Сира маған сұрақ қойды:


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет