8-775-233-72-57 24 Еңбек етпей тапқан алтынды ғұмырының соңына
дейін еселеп, бақыт пен рақатқа батып өтетіндер де
бар. Бірақ ондайлар мейлінше аз, олар туралы есті-
генім болмаса, кездестірмедім. Кездейсоқ бай мұра-
ға ие болғандарды еске алыңдар да, менің айтқаным
қаншалықты дұрыс екеніне ой жүгіртіңдер.
Аркадтың достары мұрадан байыған атақтылар-
ды еске алып, айтылған уәждің шындық екеніне
көздері жетті. Енді олар Аркадтың өзінен осыншама
байлықты қалай жиғанын түсіндіріп беруді сұрады.
Аркад сөзін одан әрі жалғады:
– Жас кезімде бақыт пен ырысқа жолықтыра-
тын жақсы нәрселерді көп көрдім. Бірақ оларға
иелік етуге тек байлық қана жәрдемдесетінін ұқ-
тым. Байлық – үлкен күш. Оның арқасында жоқ
нәрсені бар ету оп-оңай. Үйіңді ең әдемі жиһазбен
сәндеуге болады. Теңізде сайран салуың да мүмкін.
Қияндағы елдердің дәм-тұзынан да рақат табасың.
Зергерлерден таңдап жүріп ең керемет әшекей де са-
тып аласың. Құдайдың ризалығы үшін зәулім шір-
кеу де тұрғызасың. Жаныңды тыныштандырып, се-
зіміңді сергітетін тағы да талай нәрсені істеуге жол
ашылады.
Осының бәрін ұққан соң, мен өмір игілігінен өз
несібемді аламын деп шештім. Өзгелердің рақатын
сырттай бос қызықтаудан бас тарттым. Алба-жұлба
киімді жаратпай, кісіге лайықты киінуді жөн көр-
дім. Кедейдің тағдырына көндіккім келмеді. Өмір
тойының құрметті қонағы болуды қаладым.
Өздерің білетіндей, мен кедей сатушының ұлы
едім, отбасымыз үлкен болды да, мұрадан үміттену