Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет15/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
25
орынсыз еді. Өздерің айтқандай, ерекше қабілет және 
ақылмен ерекшелене алмаған соң, ойлағаныма ие 
болу үшін маған уақыт пен білім керек деп шештім.
Уақытты алсақ, ол басқалардағыдай менде де 
ағыл-тегіл еді. Баю үшін сендерге де уақыт барынша 
жеткілікті болғаны рас қой. Бірақ өздерің мойын-
дайтындай, сендерде отбасыларыңнан басқа, шын 
мәнінде, мақтан тұтатындай байлық жоқ еді.
Білімге келсек, оның екі түрі болатынын біздің 
дана ұстазымыз айтты емес пе: біреуін біз мектепте 
аламыз, ол есте қалады, ал келесісі біздің өмірлік тә-
жірибемізден құралады, сол өзіміз әлі білмейтін нәр-
сенің қайдан табылатынын байқатады. Сондықтан 
да мен байлықты қалай жиюды білгім келді, білген-
нен кейін оны іске асыруды өзіме міндет санадым. 
Төбемізден күн сәуле төгіп, тірі жүргенімізде өмір-
дің рақатын көру ақылдылық емес пе? Қапас дүние-
ге аттанатын шақ туғанда уайым мен қайғы шақыру-
сыз-ақ жетеді.
Мен жазбалар палатасына жұмысқа тұрдым да, 
күн сайын сағаттар бойы сазтақтадан бас көтерме-
дім. Солай еңбектенумен апта артынан апта, ай со-
ңынан ай өтсе де табысқа жарымадым. Ас, киім, 
садақа және басқа қазір есімде жоқ шығындар тап-
қанымды жұтты да тұрды. Бірақ баюды ешқашан ес-
тен шығармадым.
Бір күні қала басшысының үйіне өсімқор 
Альгамиш келді де, маған Оныншы заңды сазтақта-
ға жазып беруді тапсырды. Ол былай деді:
– Маған бұл заң екі күннен кейін керек, егер жұ-
мыс мерзімінде орындалса, мен саған екі мыс бақыр 
беремін.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет