8-775-233-72-57 32 Аркад өз әңгімесін бітірген сәтте достарының бірі
былай деді:
– Жолың болды, Альгамиш сені өзінің мұрагері
етті.
– Жолымның болғаны сол – онымен кездескенге
дейін де байлыққа ұмтылдым. Оған төрт жыл бойы
өзімнің мұратыма жететінімді дәлелдедім емес пе?
Төрт жыл бойы балықтың қабу тәсілін зерделеп, жел
бағытының құбылуына қарамастан, ауды тиісті жер-
ге құра алатын адамды қалай жолы болғыш жан деп
есептейсің? Сәттілік – тәкаппар құдай. Ол дайынды-
ғы шикі адамға уақыт жұмсамайды.
– Сенің ерік-жігерің мықты. Алғашқы жиған-тер-
геніңді желге ұшырған соң, сен бәрін басынан қайта
бастай алдың.
– Күшті ерік-жігер дейсің бе? Бос сөз. Түйе де кө-
тере алмас жүкті көтеруге, яки өгіз тарта алмас ар-
баны тартуға жетерлік ерік-қуатты адамға бере ме?
Ерік-күш дегеніміз – бар болғаны айдаушы ғана,
ол алдыма қойған міндетті орындауға итермелейді.
Алдыма түкке тұрғысыз мақсат қойсам да, соған же-
темін. Әйтпесе өзімді мұндай маңызды істерге сал-
мас едім. Егер өзіме-өзім: «Жүз күн бойы сен қалаға
бара жатып, көпірден өтерде жолдағы тастарды жи-
нап алып, өзенге лақтыруың керек», – десем, солай
етер едім. Егер де жетінші күні көпірден өтерде тас
лақтыруды ұмытып кетсем, онда өзіме: «Ертең бір-
ден екі тас лақтыруың керек», – демей, кері бұры-
лып, ойдағыны іске асырар едім. Ал жиырмасыншы
күні кенет өзіме-өзім: «Аркад, жетер, пайдасыз іс
қой. Күн сайын тас лақтырғаннан не бітеді? Одан да