8-775-909-01-77 155 ашыққан жыртқыштай жұлып алды да, бір-ақ аса-
ды. Көзіндегі тойымсыздықты көрдім де, ыдысыма
жармаспай тұрғанда одан алыс кеттім.
«Сен неге сонша құлшына еңбектенесің?» – деп
сұрады бір күні менен Арад Гула. – Есіңде ме, Хадан
Гула, сол сұрақты сен де бүгін маған қойғансың? Мен
оған бір кезде Мегиддодан естігенімді айтып, еңбек-
тің маған нағыз дос екенін жеткіздім.
«Құлдықтан босаған соң не істемексің?» – деп сұ-
рады ол.
«Саудагер болатын шығармын».
Сонда ол маған сырткөз сенбейтіндей шын сырын
ашты: «Сен менің де қожайынмен үлес бөлісіп жүр-
ген құл екенімді білесің бе?»
– Тоқта! – Хадан Гула ызадан көздері от шашып,
оның сөзін бөліп жіберді. – Атамның абыройын төге-
тін бұндай өтірікті тыңдағым келмейді. Ол құл бол-
ған емес.
– Мен оны тауқыметтен құтылып, Дамаскінің ең
қадірлі адамдарының біріне айналғаны үшін құр-
меттедім, – деп Шарру Нада қабақ шытпастан сөзін
жалғады. – Сен, сол қадірлі кісінің немересі, қай
қамырдан жаралғансың? Сен шындықпен бетпе-бет
келердей мықтысың ба немесе жалған қиялдың тұт-
қынында болуды қалайсың ба?
Хадан Гула бойын тіктеді. Оның дауысы дірілдеп
шықты.
– Менің атамды бәрі де жақсы көретін. Оның жа-
саған қайырымды ісінде есеп жоқ. Ашаршылық бол-
ғанда, алтынына Мысырдан астық сатып алынып,
соның керуені аш халыққа тарату үшін астықты