8-775-233-72-57 158 жәрдемшім болды. Ол бойыма күш бітіріп, өзіме де-
ген нық сенім орнатты».
Бір кезде оның тарапынан қолдау сөз естіген едім,
соны бүгін, шамалап та болса, қайтара алғаныма
қуандым.
Бірде кешқұрым Свасти маған жылап келді:
«Қожайының масқараға ұшырады. Ол үшін қор-
қамын. Бірнеше ай бұрын ойынханада көп ақша
ұтқызыпты. Шаруаларға астық пен бал ақысын тө-
леуді қойыпты. Өсімқорға қарыз көрінеді. Енді бәрі
қожайынға тісін қайрап жүр».
«Оның ақымақтығы үшін біз неге мазасыздануы-
мыз керек? – дедім мен ойланбастан. – Біз оған бала
күтуші емеспіз ғой».
«Ақымақ, сен ештеңе түсінбейсің. Өсімқорға ке-
пілдік ретінде саған тиісті меншік құқығын беріп жі-
берді. Заң бойынша ол сені сатып жібере алады. Не іс-
тейтінімізді мен білмеймін. Ол қайырымды қожайын
ғой. Бұл масқаралық бізге қайдан тап бола кетті?».
Свастидің қауіптенуі тегін болмай шықты.
Ертеңіне таңертең наубайханада нан пісіріп жатқа-
нымда, өсімқор Саси деген біреуді ертіп келе қалды.
Анау маған қарады да, менің өзіне еріп жүруім ке-
ректігін айтты.
Өсімқор менің қожайынымды күтпестен, Свастиге
мені алып кететіндігін ескертті. Содан соң наубай-
ханадағы жұмысымды бітіруіме мұрша бермей, бір
жаққа алды да кетті. Үстімдегі киім мен әмияным-
нан басқа ештеңе алғаным жоқ.
Менің арманым мен үмітімнің құйын тигендей
ұйқы-тұйқысы шықты. Тағы да ойынхана мен арпа
сырасы бақытсыздыққа ұшыратты.