Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет20/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   164
8-775-233-72-57
30
тура келеді. Тағы біреуін отырғызып көр. Келесіде 
саған асыл тас жөніндегі кеңес керек болса, зергер-
ге бар. Егер қой жөнінде білгің келсе, қойшыға бар. 
Ақыл-кеңес бергені үшін ешкім ақы сұрамас, сенің 
дұрыс жөн сілтей алатындарға баруың керек. Бұған 
қоса, біліксіз жандардың айтқанына құлақ асқан-
дардың бар қаржысы босқа шашылады. – Ол осыны 
айтып, жөніне кетті.
Оның айтқаны айдай келді. Финикийліктер 
алаяқ болып шықты. Олар Азмурға асыл тасқа ұқсас 
жылтыраған шыны сынықтарын сатыпты. Сөйтіп, 
Альгамиштің кеңесіне сәйкес табысымның әрбір он-
нан бір бөлігін қайтадан жинауға кірістім. Осы іске 
машықтанып алғаннан кейін қор жинау оңайға түсті.
Тура он екі ай өткенде Альгамиш жазғыштар бөл-
месіне кіріп келді де маған қарап:
– Қане, баянда, соңғы рет көріскеннен бергі уа-
қытта не бітірдің? – деді.
– Ақшамды ұқыпты жинадым. Бар жиғанымды 
қалқан жасаушы Аггар шеберге қола сатып алуға 
қостым. Ол маған әр төрт ай сайын үлесімді төлеп тұ-
рады. Келісім солай.
– Бұл жақсы. Алған үлесіңді қайда жараттың?
– Достарыма мол дастарқан жайдым. Өзіме мауы-
ты шапан алдым. Келесі жолы күшті есек сатып 
алып, мініп жүрмекшімін.
Альгамиш мырс етіп күліп жіберді.
– Сен өз жиғаныңның балаларын қырып салған 
екенсің. Енді олар саған қалай жұмыс істейді? Саған 
қызмет етуге тиіс олардың балалары қайдан тумақ? 
Ең әуелі, өзіңе қызмет ететін алтын құлдардан әскер 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет