Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет25/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   164
8-775-909-01-77
35
табыстың оннан бір бөлігін сақтау жеңіл болса, соған 
қанағаттанған мақұл. Табысқа сай өмір сүріп, ақша 
жұмсаудан қорықпаңдар. Қызыққа толы өмір жанға 
да жайлы.
Достары алғыс айтып, жөндеріне кетті. Кей-
біреулері үн қатпады, өйткені бәрін бірдей түсіне 
қоймаса керек. Бірқатары сонша бай адамның жұрт 
алдында бар сырын жайып салғанын қабылдай ал-
май, күдікке берілді. Дегенмен кейбірінің көздерін-
де от ұшқындады. Альгамиштің әр жолғы келісі өзі-
нен ақыл сұраған жанның қараңғы түнектен жарық 
сәулеге қарай қалай сүрлеу салғанын бақылағаны 
екен. Егер бұл адам түнектен жарыққа шыға алса, 
онда оның іске дайын болғаны-да.
Аркадқа әсіресе осы соңғы топ жиі келгіштеді, ол 
әр жолы достарын құшақ жая қарсы алды. Олармен 
ашық әңгімелесіп, тәжірибеге бай адамдардың әде-
тімен өз білгенін бүкпесіз жайып салды. Сөйтіп, ке-
лушілерге ақша жинаудың, оны босқа жұмсамай, 
табысты тұрақты түрде еселеудің жолдарын ерінбей 
үйретті.
Бұл адамдардың өміріндегі дұрыс бағытқа қадам 
жасаулары әуелі Альгамиш – Аркадқа, ал Аркад, өз 
кезегінде, өздеріне берген даналықты бойларына сі-
ңіру сәтінен басталған еді.
яяяяяя
СЕНДЕР ТАПҚАН БАРЛЫҚ ҚАРЖЫНЫҢ 
БЕЛГІЛІ БІР БӨЛІГІ ӨЗДЕРІҢЕ ТИЕСІЛІ
яяяяяя


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет