Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет27/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   164
8-775-909-01-77
37
астығын сата алмайды. Жұртшылықта өздеріне ке-
рек азық-түлік сатып алатындай алтын жоқ.
– Біз құрылысқа жұмсаған қыруар алтын қайда 
кетті? – деп сұрады патша ағзам.
– Алтын өз жолын тапты, – деді уәзір. – Алтын 
қоры сүзгіден өткен ешкі сүтіндей халықтың қолы-
нан сусып, ат төбеліндей топтың меншігіне көшті. 
Солай алтынның айналымы тоқтады.
Патша ойланып барып үн қатты:
– Аз санды адамдар бар алтынды қалай жинап 
алды?
– Өйткені олар солай етудің жолын білген-дағы.  
– Уәзірдің жауабы дайын екен. – Табысқа жету-
дің жолын білгені үшін адамды кінәлай алмаймыз. 
Сондай-ақ олардың адал табыстарын тартып алып, 
қабілеті төмендерге бөліп беру әділетсіз болар еді.
– Неге бүкіл халық алтынды еселеу жолын мең-
геріп, жаппай байи алмайды? – деп патша мәселені 
қабырғасынан қойды.
– Ол әбден мүмкін, ұлы мәртебелім. Бірақ оларды 
кім оқытады? Абыздар ма? Олар ақшамен жұмыс іс-
теуді білмейді.
– Қалада баю жолын бәрінен жақсы білетін кім 
бар? – деп сұрады патша.
– Бұған жауап өзінен-өзі туындайды, ұлы мәрте-
белім. Вавилонның басты байлығын кім иемденсе, 
сол, әрине.
– Дұрыс. Ол Аркад. Вавилондағы шылқыған бай – 
сол. Оны ертең алдыма алып кел.
Ертеңіне, патша бұйырғандай, Аркад патша ағ-
замның алдында тұрды. Жетпіске жеткен жасына 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет