8-775-909-01-77 37 астығын сата алмайды. Жұртшылықта өздеріне ке-
рек азық-түлік сатып алатындай алтын жоқ.
– Біз құрылысқа жұмсаған қыруар алтын қайда
кетті? – деп сұрады патша ағзам.
– Алтын өз жолын тапты, – деді уәзір. – Алтын
қоры сүзгіден өткен ешкі сүтіндей халықтың қолы-
нан сусып, ат төбеліндей топтың меншігіне көшті.
Солай алтынның айналымы тоқтады.
Патша ойланып барып үн қатты:
– Аз санды адамдар бар алтынды қалай жинап
алды?
– Өйткені олар солай етудің жолын білген-дағы.
– Уәзірдің жауабы дайын екен. – Табысқа жету-
дің жолын білгені үшін адамды кінәлай алмаймыз.
Сондай-ақ олардың адал табыстарын тартып алып,
қабілеті төмендерге бөліп беру әділетсіз болар еді.
– Неге бүкіл халық алтынды еселеу жолын мең-
геріп, жаппай байи алмайды? – деп патша мәселені
қабырғасынан қойды.
– Ол әбден мүмкін, ұлы мәртебелім. Бірақ оларды
кім оқытады? Абыздар ма? Олар ақшамен жұмыс іс-
теуді білмейді.
– Қалада баю жолын бәрінен жақсы білетін кім
бар? – деп сұрады патша.
– Бұған жауап өзінен-өзі туындайды, ұлы мәрте-
белім. Вавилонның басты байлығын кім иемденсе,
сол, әрине.
– Дұрыс. Ол Аркад. Вавилондағы шылқыған бай –
сол. Оны ертең алдыма алып кел.
Ертеңіне, патша бұйырғандай, Аркад патша ағ-
замның алдында тұрды. Жетпіске жеткен жасына