8-775-233-72-57 46 Шығыс кестесі әмияныңды толтыруға қызмет ете-
тін көмекші ғана. Ол саған барлық қажеттіні береді
және орындалуы мүмкін басқа да тілекті жүзеге асы-
рады. Оның көмегімен өзіңе нағыз қажеттіні кездей-
соқ көңіл қалауынан ажырата аласың. Ол түнектегі
сәуле секілді әмияндағы қаржының текке жұмсалу
жолына жарық түсіріп, бос шығынды тоқтатуға әсер
етеді.
Сонымен, қос бүйірі қабысқан әмиянды сауықты-
руға қажетті екінші жол мынадай: табыстың оннан
тоғыз бөлігінен артық шығыс шықпайтындай етіп,
қаржыңды күнделікті қажетке де, сайрандауға да,
негізгі көңіл қалауыңды орындауға да жететіндей
мөлшерде жұмсай біл.
ҮШІНШІ ЖОЛ э
Ақшаны еселеуге қамданыңдар – Әмияндарың тола бастады. Ондағы табыстың
оннан бір бөлігін қалдыруға өздеріңді мәжбүрлей
алдыңдар. Жиған-тергенді сақтау үшін өз шығыста-
рыңды қадағалай бастадыңдар. Енді ақшаларыңды
өздеріңе жұмыс істеуге, яғни көбеюге мәжбүрлей-
тіндей тетік табу керек. Әмиянда жатқан алтын сен-
дердің кеуделеріңді керіп, көңілдеріңді тоғайтар-ау,
бірақ ол ешқандай табыс әкелмейді. Жиналған ал-
тын – бар болғаны алғашқы қадам ғана. Алтынның
өзі табыс әкеле бастағанда ғана – байлықтың төбесі