Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет39/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
49
ТӨРТІНШІ ЖОЛ
э
Қаржыны мақсатсыз жұмсаудан 
қорғаңдар
Жылтыраған алтынның кесепаты да болады. 
Әмияндағы алтынды сақтауға мұқияттылық керек. 
Сондықтан ақылды адам әуелі аз мөлшердегі соманы 
айналымға қосып, оны сақтауды үйренеді. Содан соң 
Құдайдың қалауы жеткен күні ғана үлкен тәуекелге 
бел буады, – деп Аркад төртінші күнгі дәрісін баста-
ды. – Әрбір алтын иесі ара-тұра өзіне сенімді көрін-
ген іске үлкен қаржысын салғысы келіп, құмартып 
тұрады. Ол көбіне достары мен туыстарының үлгісі-
мен солай істейді де.
Қаржы салудың бірінші басты ұстанымы – негізгі 
капиталдың сақталуын қамтамасыз ету. Негізгі жи-
нағыңның желге ұшуы мүмкін болса, ондай қадамнан 
пайда күту ақылға сыймайды. Менің айтарым, әри-
не, жоқ! Ондай тәуекелдің төлемі барыңнан айырылу 
болуы мүмкін. Іске салар жинағыңнан айырылмай 
тұрып, жағдайды жан-жақты зерделеп, оның қай-
тып келуіне сенімді болыңдар. Неғұрлым жылдам 
баюды көксеген қияли ұмтылысқа ермеңдер.
Ақшаңды біреуге сеніп тапсырмастан бұрын ол кі-
сінің төлем қабілеті қандай, абыройлы адам ба, соған 
көз жеткізіңдер, ауыр еңбекпен жинақтаған қорың-
ды білместікпен біреуге сыйлап жібермеңдер.
Әлдебір іске ақша салуға шешім қабылдаудан бұ-
рын, одан туындауы мүмкін қауіпті де есте ұстаңдар.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет