8-775-909-01-77 43 кімде-кім табысын үнемдеп, оны рәсуа етпесе,
Құдайдың қалауы бойынша оған алтын өз аяғымен
келсе керек. Кімнің әмияны бос қаңырап тұрса, оған
алтын жоламайды.
Сендерге бәрінен бұрын не керек? Күнделікті қа-
жеттіліктеріңді қанағаттандыру үшін керегі асыл
тастар ма, әлде жылтыраған әшекейлі сылдырмақтар
ма, сәнді киім-кешек пен дәмді тағам ба? Бұның бәрі
де өткінші, олар жайында келесі күні-ақ ұмытасың-
дар. Әлде сендердің алтын, жер, мал, сауда, табысты
салым дегендей нағыз құндылықтарды иеленгілерің
келмей ме? Өз әмияндарыңнан шығарған ақша сен-
дерге алғашқы топтағы нәрселерді әкеледі. Әмиянда
қалатын ақша екінші топтағыны бұйыртады.
Бос әмиянымды толтыру үшін ашқан алғашқы
жолым – осы, шәкірттерім. Әмиянға түскен әр он
тиынның тек тоғызын ғана жұмсаймын. Осыны өза-
ра талқылап көріңдер. Егер кімде-кім бұның басқа-
ша екенін дәлелдей алса, ол туралы ертеңгі кездесу-
де айтарсыңдар.
ЕКІНШІ ЖОЛ э
Шығынды қадағалаңдар – Кейбіреулерің маған: «Табыстың оннан бір бө-
лігін әмиянда қалай сақтауға болады, егер тапқан
табыстың өзі толайымен қажеттіліктерді өтей ал-
маса?» деп сауал қойдыңдар. – Аркад екінші күні