Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет48/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   164
8-775-233-72-57
58
Көптеген нәрсе адам өмірін құнды тәжірибемен 
байыта алады. Егер адам өзін-өзі құрметтесе, мына-
ларды есте ұстауға тиіс:
Ол мерзімінде өтеуге және қайтаруға шамасы жет-
пейтіндей қарыз алмауға тиіс. 
Ол туралы тек қана жақсы сөз айтуы үшін өз отба-
сына қамқор болуға тиіс.
Құдайлар шақыруымен ақтық сапарға аттанған-
да оның дүние-мүлкі тиісінше және әділетті бөлінуі 
үшін алдын ала мұрагерлік өсиет жазып қоюы керек.
Ол сәтсіздікке душар болғандарға жанашырлық 
танытып, қолынан келер жәрдемін көрсетуге, өзіне 
қымбат жандарға қол ұшын беруге міндетті.
Сонымен бос әмиянды толтырудың жетінші және 
соңғы жолы міне, мынадай: ақыл мен қарым-қабілет-
ке қол жеткізу үшін күш-қуатыңды шыңда, үйрен 
және – өзіңе деген құрметіңді жоғалтпайтындай қа-
лыпта бола біл. Осындай жолмен өзіңе деген сенімің 
бекіп, жақсы ойластырылған мақсатқа жете аласың.
Өзімнің ұзақ та абыройлы ғұмырымда бос әмиян-
ды толтыруға қатысты өзім ашқан жеті жол осын-
дай, бұл іс-тәжірибемді байлықты көксегендердің 
бәріне пайдалануға кеңес беремін.
Вавилондағы алтын сендер ойлағаннан әлдеқайда 
мол, шәкірттерім менің. Сендердің бәріңе жетіп-ар-
тылардай көп.
Қане, іске кірісіңдер де, осы айтылған ақиқатты 
пайдаланыңдар, ол сендерді өсіп-өркендеуге жеткізеді.
Барыңдар да, осында біліп-үйренгендеріңді ұлы 
патшамыздың қарауындағы лайықты әр адамға жет-
кізіңдер, олар да Құдай берген қаламыздың байлы-
ғынан өз үлестерін алатын болсын.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет