8-775-909-01-77 59 х
Сәттілік құдайымен
танысыңдар
Жолы болғыш адамның әрқашан жолы ашық. Оны Евфратқа лақтырсаң, ол су түбінен маржан уыстап шығады. Вавилон мақалы
Б
арша жұрт сәттіліктің серік болуын қалайды.
Бұндай тілек қазіргі адамдардың жан дүние-
сінде қалай өмір сүрсе, осыдан төрт мың жыл бұрын,
яғни ежелгі Вавилон тұрғындарының да санасына
берік орныққан еді. Құбылмалы сәттілік құдайы бә-
рімізді де назардан тыс қалдырмайды деп үміттене-
міз. Біз оны өзімізге назар аудартып қана қоймай,
шапағат шуағына бөлеуіне қол жеткізе аламыз ба?
Сәттілікке жетудің төте жолы бар ма?
Бұл сауалға Вавилон тұрғындары да бас қаты-
рып, қажымай-талмай жауап іздеген. Олар нақты
іс пен терең ойлы адамдар еді. Вавилонның ежелгі