Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет52/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
62
пікірін тыңдайық.– Аркад әңгімені әрі қарай өр-
бітті. – Арамызда қиналмастан ақша не құнды зат 
тауып алғандар мен оларды ешқандай әрекетсіз ие-
ленген тағы кім бар екен?
Үнсіздік. Жиналғандар бір-біріне қарап, кім ор-
нынан тұрар екен деп күткенімен, ешкім қозғала 
қоймады.
– Немене, ондай адам жоқ па?– деп сұрады Аркад. 
– Демек сәттілік тым сирек кездеседі. Ізденісімізді 
қалай, қайда жалғастырамыз? Біреуің ұсыныс 
айтыңдар.
Айтып көрейін,– деп бір жас жігіт орнынан тұр-
ды. Өзі жақсы киініпті. – Сәттілік турасында айту 
үшін ойымызды ойын үстеліне бағыттаған жөн емес 
пе? Көптеген адамдар сол жерде ірі ұтысқа үміт артып, 
сәттілік құдайынан жарылқауды сұрайды емес пе?
Ол орнына жайғасқанда жұрт шу етті:
– Сөзіңді әрі қарай жалғастыр! Ойын үстелінде 
Құдайдың қалай жарылқағанын өз аузыңнан естиік. 
Ойынхана қожайыны есебінен әмияныңды толтыру 
үшін сәттілік текше тастың қызыл жағын жоғары 
қаратып, саған бұрды ма? Әлде, керісінше, сәтті-
лік әмірімен текше тастың көк түсі жоғары қарап, 
әмияндағы еңбекпен жинап-тергеніңді бір сәтте қо-
жайынның қалтасына түсірді ме?
Жас жігіт жұртпен бірге күлді де, содан соң өз 
жауабын берді:
– Мойындауым керек, сәттілік құдайы онда бар-
ғанымды білмесе керек. Басқалар туралы айта ал-
маспын. Сен сәттілікті сондай жерден көрдің бе? Ол 
ойын тасын сенің пайдаңа қарай бұрды ма? Айтып 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет