8-775-233-72-57 16 төрелердің бүгінгі кешкі салтанатына дейін қарыз
бер. Ол екі шекелдің тез қайтатыны соншалық – сен
олардың жоқ болған сәтін байқамай да қаласың.
– Менде екі шекел болса, – деп, көңілсіз міңгірле-
ді Бансир, – оны ешкімге, тіпті саған да бермес едім,
өйткені менің басқа ештеңем де жоқ. Жалпы ешкім
де қолдағы барын біреуге, ол жан досы болған күннің
өзінде, түгелімен қайдан бере салсын.
– Осы мен не естіп тұрмын? – деп Кобби таңдана
дауыстады. – Әмияныңда бір шекел де болмаса, дуал
түбіне орнатқан мүсінге ұқсап неғып отырсың! Анау
арбаны неге бітірмейсің? Сен менің тәбетімді қалай
қанағаттандырмақсың, а? Мына тұрысың саған ұқ-
самайды, достым. Сенің таусылмайтын қуатың қай-
да? Әлде саған құдайлар бақытсыздық жіберді ме?
– Бұл Жаратқанның сынағы болуға тиіс, – деп
келісе кетті Бансир. – Бәрі де менің түс көргенім-
нен басталды. Қайдағы бір оңбаған түс. Түсімде мен
шылқыған бай болып кетіппін, белдігіме ақша толы
әдемі әмиян байланыпты. Ондағы шекелдердің көп-
тігі сондай – мен кедейлерге есепсіз шаштым. Ішінде
тағы күміс тиындар бар екен, оған әйеліме түрлі әше-
кей, өзіме не керектің бәрін сатып алдым. Сондай-ақ
әмиянда толған алтын тиындар да бар болып шықты,
олар болашағыма деген сенімімді бекітіп, күмісін
жұмсаудан қорықпадым. Кеудемді қуаныш кернеді.
Сол кезде мені көрсең, танымас едің, тіпті әйелімді
де танудан қалар едің! Оның бетінде әжім атаулы
қалмаған, қуаныштан жүзі бал-бұл жанады. Ол қай-
тадан той үстіндегі бақытты қалыңдықтан күлімсі-
реген бойжеткенге айналыпты.