Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет64/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
74
саудагер. – Менің бұл мінезім ылғи да ой-жоспарым-
ды быт-шыт етуге даяр дұшпаным болып шықты. 
Сендерге айтқан оқиға – көптеген ұқсас жайлардың 
бірі ғана. Егер дер кезінде байқай алсаң, ол дұш-
панмен күресу қиын емес. Бірде-бір адам қоймасы 
мен қорасын ұрыға шарлатып қоймайды. Дәл сол 
сияқты, ешбір адам жауының өз тұтынушыларын 
үркітіп, пайдадан айырылуына жайбарақат қарап 
отырмайды. Мен де өз дағдыларым өзіме зиян кел-
тіретінін білген сәттен бастап, олардан құтылудың 
жолына түстім. Сондай-ақ кез келген адам Вавилон 
байлығынан өз үлесін алғысы келсе, ішінде бұғып 
жатқан жайбасарлық әдет-дағдымен ымырасыз кү-
ресуге тиіс.
Аркад, сен бұған не дейсің? Вавилондағы ең бай 
адам екендігіңнен шығар, сені жұрт жолы болғыш 
жан деп есептейді. Адам өзінің жайбасарлығынан 
толық құтылу арқылы ғана жетістікке жетеді десем, 
келісер ме едің?
– Сөзіңнің жаны бар, – деді Аркад. – Ұзақ ғұмы-
рымда мынаны байқадым: өмірде жетістікке жету 
жолында ұрпақтар алмасып отырады. Ол адамдардың 
баршасы мүмкіндіктерден сырт қалған емес. Алайда 
солардың ішінде кейбіреулері ғана сәті түскен істі 
дөңгелетіп, аңсаған тілектерін орындауға қарай се-
німді қадам басса, көпшілігі жайбасарлық танытып, 
сенімсіз әрекет етіп, көш соңында қалып жатты.
Ендігі кезекте Аркад тоқымашыға бұрылды:
– Сен сәттілік туралы пікір алысуға шақырдың. 
Ал өзіңнің бұл жайында не ойлағаның бар?
– Қазір сәттілікке басқаша қарайтын болдым. 
Бұрын адамға кездейсоқ келген сәттілікті бақытқа 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет