Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет60/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   164
8-775-233-72-57
70
секілді адамдарды қалай атайтындарыңды білгім ке-
леді. Бұнымды әдепсіздік санауларың мүмкін, сонда 
да сол сөзді естігім келеді. Егер оны өз тілімде айт-
сам, түсінбейсіңдер. Сондықтан өзіне пайдалы іске 
мойны жар бермейтін адамды қалай атау керектігін 
айтуды сұраймын.
– Миғұла, – деді әлдебіреу.
– Дұрыс, – деп қостай кетті сириялық қол шапа-
лақтап. – Ол өзі келіп тұрған мүмкіндікті көрмейді. 
Күтумен жүреді. Жұмысының көптігін алға тар-
тады. Ал мүмкіндік ондай миғұлаларды күтпейді. 
Мүмкіндік бақытты болғысы келгендер асығуға тиіс 
деп біледі. Мүмкіндіктің сәті түскенде асықпаған әр 
адам біздің саудагер досымыз сияқты өзін-өзі аяқтан 
шалады.
Саудагер орнынан тұрды да, күлімсіреген күйі си-
риялыққа бас иді.
– Шындықты именбей айтқаның үшін, шетелдік 
дос, саған қайран қалып тұрмын.
– Енді мүмкіндіктен айырылу туралы тағы бір хи-
каяны тыңдайық. Кімнің сөз айтқысы келеді? – деп 
сұрады Аркад.
– Мен айтайын, – деді орта жастағы қызыл ша-
панды кісі.– Өзім, негізінен, түйе мен жылқы сата-
мын. Кейде қой мен ешкі де сатып аламын. Сендерге 
бір күні басыма бақ қона жаздағанын, ал менің оған 
мүлде дайын болмағаным жайында әңгімелеп бере-
йін. Дайын тұрмаған себепті мен оны үркітіп алдым 
ғой деймін. Талқыға салып көріңдерші.
Бірде кешқұрым он күн бойы түйе іздеуден кейін 
қалаға қайтып келе жатқанымда, өкінішке қарай, 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет