Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет67/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
77
Түнгі салқыннан денесі тоңазыған Калабаб қария 
сырткиімін қаусырынды.
– Сендер маған ұзақ жолда сенімді серік болдың-
дар, түйелеріме жақсы күтім жасадыңдар, ыстық 
құмды басып өту барысында төзімділік танытып
бізді тонағысы келген қарақшылармен батыл шай-
қастыңдар, енді сол іс-әрекеттеріңнің өтеуі үшін 
сендерге бүгінгі кеште алтынның бес заңы туралы 
хикая айтып берейін. Бұндай әңгімені бұрын-соңды 
естіген емессіңдер.
Мұқият тыңдаңдар, айтқан сөздерімнің мәнін 
ұқсаңдар, онда келешекте сендер мол алтынға кез 
боласыңдар.
Ол ойлы қалыпта үнсіз қалды. Қаракөк аспандағы 
жұлдыздар жарыса жарқырайды. Жиналғандардың 
арқа тұсында құм дауылын тоқтату үшін қазық-
тарға мықтап керілген шатырлар қарауытады. 
Шатырлардың арғы жағында мұқият текшеленіп 
жиналған терілер жатыр. Одан әрі құмға шөккен 
түйелер анда-санда пысқырынып қойып, тоқтаусыз 
күйіс қайыруда.
– Бізге талай қызықты хикаяны айтып бердің, 
Калабаб қария, – деді аға мал айдаушы. – Ертеңгі 
күні сендегі қызметіміздің аяқталар уақыты жет-
кенде, біз сенің айтқан ақыл-кеңестеріңді кәдеге жа-
рататын боламыз.
– Бұған дейін сендерге шалғай жатқан елдерде тек 
қана өз басымнан өткізген оқиғаларды әңгімеледім, 
ал бүгін Аркад байдың пайым-парасатын сөзіме ар-
қау етемін.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет