АЛТЫННЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ Өзіне табысты кәсіп тапқан адамның алтыны ынталы әрі қалтқысыз жұмыс істеп, өрістегі мал сияқты көбейеді. Асылында, алтыннан асқан еңбекқор жоқ. Қажет-
ті мүмкіндік туғанда ол құлшыныспен молаяды.
Алтын жиған әр адам осындай тиімді мүмкіндікке
ие болады. Жыл өткен сайын оның саны артып, қай-
ран қалдырар мөлшерге жетеді.
АЛТЫННЫҢ ҮШІНШІ ЗАҢЫ Білікті адамдардың кеңесіне құлақ асып, ақылмен іске жаратқан парасатты жанның алтыны таусылмайды. Алтын шынында да қамқор қожайынға жұғысты
болып, осыған керісінше аңғалдардан аулақ жүре-
ді. Алтынның қадірін білетін адамдардың кеңесіне
ден қойғандар қор жинағын тәуекелге салмауды үй-
ренеді, оны қол тигізбей сақтап, көбею қуанышына
бөленеді.