Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет87/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
96
Өгіз есектің кеңесін құп көрді, оның жайын көр-
ген құл қожайынға бүгін өгіздің соқа тарта алмайты-
нын жеткізді.
– Ендеше, – деді шаруа, – соқаға есекті жек те, 
жер жыртуға кіріс.
Досына көмектескісі келген есектің күні бойы 
өгіздің жұмысын істеуіне тура келді. Кеш батқан соң 
ғана оны соқадан босатты, ал оның еңсесі езілгені өз 
алдына, аяқтары талып, мойнын қамыт әбден қа-
жаған еді. Шаруа екі жануардың әңгімесін тыңдау 
үшін аулаға шықты. Әңгімені өгіз бастады:
– Шынында, нағыз дос екенсің. Сен берген ақыл-
кеңестің арқасында бүгін күні бойы рақаттана 
демалдым.
– Ал мен, – деді есек, – досына көмектесемін деп, 
оның азабын өз мойнына алған ашықауыз болдым. 
Ендігі жерде соқаны өзің тартқаның жөн, мен қожа-
йынның құлға не дегенін естідім, егер де тағы ауы-
рып қалатын болса, сені қасапханаға жібермекші.
Осылайша әңгіме де, достық та тәмамдалды. Бұл 
әңгіменің мәнісін ұқтың ба, Родан?
– Қызық жайт екен, – деді Родан. – Бірақ мәнісін 
анық-қанық ұқпадым.
– Солай боларын сезгенмін. Әңгіменің тоқетері 
қарапайым ғана. Егер сен досыңа көмектескің келсе
оның жүгін өзіңе артпайтындай әрекет етуің қажет.
– Бұл жайында ойламаппын. Нағыз үлгі-өнеге. 
Мен күйеубаламның жүгін арқалауға ұмтылмаймын. 
Білгім келетіні мынау: сен талайларға қарыз бересің 
ғой. Олардың бәрі бірдей ақшаны қайтара ма?


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет