Векторы. Операции над векторами



бет10/10
Дата11.04.2022
өлшемі1,19 Mb.
#30590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
№11 Патогенді микроорганизмдер- 2021

Механикалық факторларға - тері, кілегей, шырышты қабаттың тұтастығы, барьерлік қасиеті, терідегі май, сүт, тер бездері, эпидермистің түлеп отыруы, терінің қалыпты микрофлорасы және физиологиялық рефлекстер: жөтелу түшкіру, құсу т.б жатады.

Химиялық факторларға –асқазан сөлінің қышқылы, кілегей қабықтағы лизацим, т.б ферменттер, ішек перистальтикасы т.б

Физикалыққа- адам денесі қызуының көтерілуі жатады.

.

Организмнің иммунды жүйесі қызметтері

Организмнің иммунды жүйесі біртұтас морфофункционалды жүйе.

Иммунды жүйенің негізгі қызметтері:

1.Жұқпаларға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету.

2.Ісікке қарсы иммунитетке қатысу.

3.Трансплантациялық иммунитетке қатысу.

4.Аллергиялық реакцияларға қатысу.

5.Аутоиммунды патологияның даму механизмдеріне қатысу.

6. Ана мен бала организмдері өзара қатынасына қатысу.

7.Қабыну процессіне қатысу.

8.Қан ұю механизмдеріне қатысу.

Иммундық жауап дегеніміз- антигенді байланыстырып, инактивациялап, ыдыратып және оны организмнен шығаруға бағытталған иммунитет жүйесінің арнайы кешенді қызметі. Иммунды жауап бір-бірін толықтыратын клеткалық және гуморалды иммунитет реакциялар-мен жүзеге асады.


Иммундық жауап түрлері

Біріншілік иммунды жауап

Екіншілік иммунды жауап
  • Антигенмен бірінші рет түйіскеннен кейін 5-7 кунде қалыптасады. Біріншілік гуморалдық иммунды жауаптың негізінде- біріншілік IgM-класты анти дененің түзілуі жатады.

  • 2. Клеткалық иммунды жауап жетілген эффекторлы Т-лимфциттердің пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар-Т- және В- есте сақтау клеткалар түзіледі
  • Антигенмен екінші рет түйіскеннен кейін ,жоғары денгейде тез қалып-тасады, біріншілік жауппен салыс-тырғанда күшті корғаныстықты қамтамасыз етеді. 

  • 2. IgG-ге антиденелер жоғары денгейде түзіледі. Екіншілік иммунды жауаптың нәтижелігі есте сақтау клеткалармен тығыз байланысты

Қарсытектер (антигендер)



Қарсытектер (антигендер) дегеніміз – иммундық жауап туғызуға қаблеті бар,ағза үшін кез-келген генетикалық бөгде зат.

Қарсытектер төрт негізгі қасиетпен сипатталады:

Бөгделік – генетикалық өзгешілікті көрсететін ұғым. Бул ұғым антигеннің организмнен айырмашылығын,өзге екенін көрсетеді.

Антигендік – заттың иммундық жауапты қоздыру мөлшерін-қаблетін көрсететін ұғым.

Иммуногендік – иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым бөгделікпен, жеткілікті молекулярлы массасымен, химиялық құрылысының ерекшеліктерімен анықталады.

Ерекшелік— арнамалық – АГ-дің бір-бірінен ерекшеленіп ажырайтын қасиет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет