Төртінші саты – макроорганизмнің қорғаныс факторларын жұмылдыру (мобилизациялау). Микробтардың енгеніне және олардың ауру қоздырушылық әсеріне қарсы жауап ретінде макроорганизм алғашқыда өзінің бейспецификалық, ал кейіннен спецификалық қорғаныс факторларының барлығын жұмылдырады. Бұл факторлардың әсері микробтардың өзімен қатар олардың токсиндерін бейтараптауға және макроорганизмнің бұзылған гомеостазын қалпына келтіруге бағытталған. Бесінші саты – инфекциялық процесиің аяқталуы және ақыры. Көбінесе макроорганизмнің санациялануы (ағылшынша: sanative – емдік, сауықтырушы), яғни организм микробтардан толық босанады және жаңа сапаға ие болып – иммунитет қалыптасады. Кейбір жағдайда инфекциялық процесс өліммен аяқталады.
Патогенді микроорганизмдер
Тәжірибеде патологиялық жағдайларды жиі туғызатын қоздырғыш бактериялардың морфологиялқ түрлері
Патогенді микроорганизмдердің кіру қақпасы
Патогенді микроорганизмдердің адам ағзасына ену жолын – кіру қақпасы деп атайды.
Микробтар макроорганизмге көбінесе:
- Тері жабындылары;
Инфекцияның берілу жолдары
Достарыңызбен бөлісу: |