Венозды катетрлермен жұмыс істеу ережелері

Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы

бет4/5
Дата14.02.2023
өлшемі9,65 Mb.
#67714
1   2   3   4   5

Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы

Қажет заттарды жинап, көктамырды таңдап алған соң, қолды өңдеп, қолғап киіп канюляцияны бастаймыз. Перифериялық көктамыр катетерін дұрыс қою үшін катетерді көлденең немесе тігінен ұстаймыз

Көбінесе көктамырды инемен тесуге үйреніп қалған медбикелер көлденең ұстауды таңдайды. Ал тігінен ұстау инені канюляға қарай сенімді бекіту үшін (әсіресе терісі доғал пациенттерді) және иненің канюля ішіне «кетіп қалмау» үшін қолайлы.
Теріні антисептикпен өңдегеннен соң ине канюлясымен енгізеді

Индикатор камерасында қан көрінген жағдайда инені әрі қарай енгізілуі тоқтатылады. Ине-өткізгішті бір қолмен бекітіп, көктамырға әрі қарай тек катетер енгізіледі, ол біртіндеп ине-өткізгіштен шешіледі. Катетер қажетті ұзындыққа енгізілген соң ине-өткізгіш алып тасталады. Содан соң катетер арнайы бітеуішпен жабылады, лейкопластырь немесе арнайы пластырьмен бекітіледі. Порт немесе арнайы жүйе арқылы (портталмаған катетерлерде) катетер жуылады

Катетерге күнделікті күтім жасау

1. Катетерге әр кез жүйе немесе шприцті жалғастыру – бұл, инъекция ену жолы. Жүйені жиі қолмен ұстауға болмайды, қатаң асептиканы сақтап, тек қана стерильді қолғапта жұмыс істеу қажет.

2. Стирильді бітеуіштерді жиі ауыстырып отыру қажет. Ішкі беті микробтармен ластанған бітеуіштерді қолдануға болмайды.

3. Антибиотиктерді, глюкоза ерітінділерін, қве препараттарын енгізгеннен соң катетерді аз мөлшерде физиологиялық ерітіндімен жуу керек.

4. Катетерді бекіткен таңғышты жиі байқап, қажет жағдайда ауыстырып отыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет