Венозды катетрлермен жұмыс істеу ережелері



бет5/5
Дата14.02.2023
өлшемі9,65 Mb.
#67714
1   2   3   4   5
Байланысты:
Венозды катетрлермен жұмыс істеу ережелері

5. Асқынуларды ерте анықтау мақсатымен пункция орнын үнемі қарау крек. Ісіну, қызару, жергілікті қызба, катетер өткізгіштігінің бұзылуын, катетерден сұйықтық ағу және дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда дәрігерге хабарлау және катетерді алып тастау қажет.

6. Тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнына жоғары тромболитикалық майлардв (мысалы: «гепаринді», «троксевазин») жұқа етіп жағу керек.

7. Әр бір инфузиядан соң катетерді порт арқылы гепаринді ерітіндімен (5 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі +2500Б гепарин) жуу қажет.


Ол келесі әдіспен жүзеге асырылады:
1. Пациент тыныс шығарып тыныс тоқтатып тұру қажет.
2. Катетерді резеңке бітеуішпен жауып, пацентке тыныс алуға рұқсат беріңіз.
3. Бітеуішті спиртпен өңдеп, тері ішілік инемен 5 мл непаринді ерітінді енгізіңіз.
4. Бітеуішті катетерде лейкопластырьмен бекітіңіз.
Бұл әдіс катетерде тромб түзілуі қауіпін төмендетеді. Осы ерітіндімен катетерді катетерден қан көрінген жағдайда да шаю керек.
Катетер айналасында теріні күнде қарап 70% спирт және 2% йод ерәтәндәсә немесе 1% бриллиант көгі ерітіндісімен өңдеу қажет. Таңғыш күнде және ластануға қарай ауыстырылады.
Қазіргі уақытта арнайы мөлдір таңғыштар (пластырь) қолданылады. Олар катетер айналасын тығыз жауып сыртқы ластанудан, инфекциядан қорғауды қамтамассыз етеді. Сонымен қатар терілік тынысты сақтайды, мөлдір таңғыш арқылы теріні бақылау асқынуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Катетр қойғаннан кейін болатын асқынулар:


Катетердің шеткі көктамырда ұзақ уақыт болуында келесі асқынулар болуы мүмкін:
- көктамырда тромб түзілу;
- катетерде тромб түзілуі;
- тромбоэмбиолия және ауалы эмболия;
- инфекциялық асқынулар (5-40%), мысалы сепсис, іріңдеу;
Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау көрсеткіштері:
- катетер қою орнында ісінулер пайда болуы;
- катетер айналасы терісінің қызаруы;
- жергілікті қызба;
- катетер енгізу орнында акуыстыру;
- катетер қойғаннан кейін 48-72 сағат өткен соң;
- катетердің тромбымен бітелуі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет