21
ескерткіштерін зерттеудің өзекті мәселелері // Еуразия
қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері. Халықа-
ралық ғылыми теор. конференция, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ,
Астана қаласы, 2013 жыл,152-159 б. Ғалымның 2008 жылы
«Ағартушы» баспасынан жарық көрген
«Көне қыпшақ жаз-
ба ескерткіштерінің тілі» (Орал, Ағартушы, 2008, 236 б.)
атты оқу құралының маңызы зор. Кітап «Алғы сөзінде» мы-
надай тұшымды ойлар айтылған: «Түркітануда қазақ тілі
түркі тілдерінің қыпшақ тобында қарастырылады. Қыпшақ
тобындағы тілдер өз бастауын монғол шапқыншылығы-
на дейін қимақ мемлекетінің (ІХ-ХІғ.) құрамында болған
қыпшақ қауымдастығынан алады. Қыпшақ тайпалары Қы-
тай қорғанынан бастап Шығыс Түркістан, Алтай таулары,
Орта Азия, Еділ аймағы, Алтын Орда, одан әрі Еуропаға дей-
ін тарады. ХІІІ-ХҮ ғасырларда қыпшақ тілі Алтын Орданың
ресми және әдеби тіліне айналды. Көне қыпшақ тілінің құра-
мында оғыз, қарлұқ элементтері бар екенін жоққа шығара
алмаймыз. Бірақ гегемондық рөл атқарған қыпшақтардың
саяси салмағын ескере отырып, жәдігерліктердің сөздік
құрамын сараласақ қыпшақ элементтері әлде қайда мол,
70-80% пайызды құрайды. Өз тұсында халықаралық тілге
айналған біртұтас қыпшақ тілі кейін Алтын Орда күйреп,
Астрахан, Қазан, Ноғай, Өзбек, Қазақ хандықтары пайда
болған тұста жеке халықтар тіліне ыдырады. Көне қыпшақ
тілі қазақ тілінің негізгі бір арнасы. Байырғы қыпшақтардың
заңды мұрагері – бүгінгі қазақтар».
Достарыңызбен бөлісу: