№ 1 (142) Volume 1 No. 142 109 Кесте 4 – Деректерді басқаруға арналған ақпараттық өзара әрекеттесудің егжей-тегжейлі картасы
(деректердің бір бөлігі)
№
Көрсеткіштер
Ақпараттық жүйелер
Деректер жеткізушісілер
1
Адамдар саны
e-Statistica
ұҚЖ
2
Үй шаруашылықтарының, саны
e-Statistica
ұҚЖ
3
Шаруашылықтағы нақты, мал (басы)
e-Statistica
СХ
жануарларды
сәйкестендіруге
арналған жүйе (ЖИЖ).
ұҚЖ
Ауыл шаруашылығы министр-
лігі
4
А/ш техника және өңдеуге арналған
жабдық
e-Statistica
ұҚЖ
5
А/ш салынған құрылыс нысандары
e-Statistica
ұҚЖ
Ескерту – [13-15] дереккөздері негізінде авторлармен құрастырылған
Деректерді интеграциялау мен өзара әрекеттесудің жаңа моделі келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
− аудан және облыс әкімдіктерінің, ОМО басқармаларының басшылары өзекті деректерге немесе
24/7 интерактивті регламенттелген есептерге қол жеткізе алады;
− ауылдық әкімдік қызметкерлерінің «күнделікті» жүктемесін едәуір азайтуға, сондай-ақ әр күнге
автоматты түрде есеп беруге мүмкіндік береді;
− әкімдік қызметінің институционалдық жадын қалыптастыру.
Ауылдық округ деңгейінде деректерді интеграциялау мен өзара бірлесуі ұсынылып отырған
ақпараттық моделі деректер сапасын ұдайы жақсартуға, оларды серпінде жинақтауға, аудан, ауылдық
округ, ауыл деңгейінде басқарушылардың ұғынықты немесе туындайтын ақпараттық қажеттіліктеріне
сәйкес көрсеткіштерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әзірленген модельде тест арқылы жүзеге асырылады, оны тиісті сілтеме бойынша өтіп тестілеуге
болады [16].
ҚОРыТыНды Осы жүйенің жұмыс істеу сапасы өңірлер мен тұтастай елдің бәсекелі дамуының айқындаушы фак-
торы болып табылады. Өңірдің даму бағдарламалары құжаттар иерархиясының төменгі деңгейінде
орналасқан, бірақ оның мәні өңір үшін өте маңызды. Заңнама өңірлік даму жоспарларын іске асыру-
да жергілікті атқарушы органдар мен нақты лауазымды адамдардың жауапкершілігін көздемейді, бұл
ретте олар деректердің анықтығына жауап беруге тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың қаржылық
дербестік деңгейі төмен, бұл олардың мүмкіндіктерін, оның ішінде дербес ұзақ мерзімді жоспарлауды
шектейді.
Өңірлердің стратегиялық жоспарлау сапасын жақсарту үшін келесідей бірқатар реформалар жүргізу
талап етіледі:
1. Мемлекеттік органдар мен олардың басшыларының стратегиялық құжаттарды дайындау са-
пасы мен оларды іске асыру үшін жауапкершілігі бекітілетін стратегиялық жоспарлау қағидалары
айқындалған «Стратегиялық жоспарлау туралы» жеке заңды қабылдау;
2. Өңірлерді дамытуға қаражат бөлу лимиттерінің жүйесін белгілей отырып, өңірлердің стратегиялық
жоспарларын ескере отырып, бюджеттерді қалыптастыруға көшу.
3. Өңірлік стратегиялық жоспарлар мен өзге де стратегиялық құжаттарды барынша ашық түрде
жариялап, қоғамдық талқылау салу практикасын енгізу;
4. Жоғары тұрған деңгейдегі құжаттарда өңірлерді дамытудың мүдделері мен перспективалары ба-
рынша ескерілетін «төменнен жоғары» тәсілін барынша пайдалана отырып, стратегиялық құжаттарды
дайындау практикасын енгізу.
Сонымен қатар өңірлік сапалы ақпараттық базаның болуы, өңірдің стратегиялық жоспарлауын
қамтитын цифрлық басқаруға көшуді қамтамасыз етеді.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС: БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
STATE AND BUSINESS: THEORY AND PRACTICE OF MANAGEMENT