ГОСУДАРСТВО И БИЗНЕС: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА УПРАВЛЕНИЯ
STATE AND BUSINESS: THEORY AND PRACTICE OF MANAGEMENT
№ 1 (142) Volume 1 No. 142
101
Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы. Зерттеудің құндылығы елдің тұрақты дамуы контексінде
өңірдің бәсекеге қабілеттілігін басқарудың түрлі аспектілерін қамтитын ғылыми, практикалық және
әдіснамалық ережелерді қалыптастырудан тұрады.
Зерттеу нәтижелері – әлеуетті тәуекелдер және өңірлер дамуының өңірлік ерекшеліктері
сипатталған. Өңірлер деңгейінде стратегиялық жоспарлау сапасына әсер ететін негізгі факторлар
айқындалды және оларды жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірленді. Ақмола облысының ауылдық округ,
ауыл деңгейінде нақты деректерді ұсыну мүмкіндігімен ауданның цифрлық әкімдігінің жұмыс істеп
тұрған демонстрациялық моделі ұсынылды. Осыған байланысты ұлттық шаруашылық жүйелерінің
бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы өңірлердің рөлі мен маңыздылығының өсуі айқын болып
отыр, бұл өңірдің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық-әдіснамалық және практикалық аспектілерін
жүйелі зерттеу қажеттігінің негіздемесін береді.
Түйін сөздер: бәсекеге қабілеттілік, орнықты даму, өңірлік басқару, evidence-based policy.
КІРІсПе
Елдің және оның өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде сыртқы экономикалық фак-
торлар маңызды рөл атқарады. Алайда, тиімді пайдалану кезінде өңірдің ішкі ғана емес, сонымен
қатар сыртқы нарықтарда да табысты бәсекеге түсу мүмкіндігін арттыра түсетін ішкі факторлар да
маңызды. Заманауи экономиканың қалыптасу жағдайында өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне
байланысты проблемалар, отандық экономиканы дамытудың басты міндеттерінің біріне айналуда,
яғни олардың дамуының оң серпіні мемлекеттің экономикалық жүйесінің тұтастығына, сенімділігі мен
тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру жедел
экономикалық өсуге қол жеткізіп қана қоймай, сондай-ақ, өңірлік ресурстық әлеуетті ұтымды және
тиімді пайдалануға әсерін тигізеді. Демек, бұл аймақтың экономикалық субъектілері мен онда тұратын
азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.
Осыған байланысты ұлттық шаруашылық жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы
өңірлердің рөлі мен маңыздылығының өсуі айқын болып отыр, бұл өңірдің бәсекеге қабілеттілігінің
теориялық-әдіснамалық және практикалық аспектілерін жүйелі зерттеу қажеттілігін негіздейді.
Бұл мақалада зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектеріне шолу жасаланды. Атап айтсақ, өңірдің даму теорияларымен О. Кузнецова [1], У. Айзард
[2], С. Муллахмедова, Р. Шахпазова [3], Э. Гасанов [4], А. Леонтьев [5], А. Гусейнов [6] т. б. Өңірлердің
біркелкі емес даму мәселелерін О. Сабден, Ф. Днишев [7], Н. Нурланова [8], Г. Исаева [9], Л. Спанку-
лова [10] өздерінің еңбектерінде қарастырған.
Достарыңызбен бөлісу: