106 ISSN 2789-4398 Central Asian e-ISSN 2789-4401 Economic Review Аудан деңгейінде бірыңғай база негізінде ауылдық округтердің әкімдіктері өздерінің «бұлтты»
кеңістігінде жұмыс істейді. Деректер (Е-Халық, е-Статистика) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден
алынады [1; 13; 14]. Ауылдық округ әкімдігі жетіспейтін деректерді толтырады және жаңартады.
ұсынылып отырған модель ауылдық округ, аудан әкімінің басқару шешімдерін қабылдауы үшін
талдамалық құрал болып табылады. Бұл әртүрлі ақпараттық жүйелердегі деректерге тұрақты қол
жетімділіктің болуын болжайды. Бұл процесс белгілі бір тәртіпті, ақпаратпен өзара алмасу алгоритмін,
әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды ұйымдастыруды талап етеді. Біз көп компонентті құжат болып
табылатын ақпаратпен өзара алмасу картасы туралы айтып отырмыз, оны біз 4-суреттен көре аламыз.
Мемлекеттік органдар және (немесе) бизнес, қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара ақпараттық алмасу
схемаларын жүзеге асыру тәртібін белгілейтін мәліметтер: деректерге қол жетімді алгоритмі (Кесте 2)
қандай жүйеде деректер бар, деректер иесі, көрсеткіштер тізбесі (Кесте 3).
Сурет 3 – «Қалай болады» деректердің өзара алмасу және интеграциялау моделі
Ескерту – [3; 13] дереккөздері негізінде авторлармен құрастырылған
Ұсынылып отырған модель ауылдық округ, аудан әкімінің басқару
шешімдерін қабылдауы үшін талдамалық құрал болып табылады. Бұл әртүрлі
ақпараттық жүйелердегі деректерге тұрақты қол жетімділіктің болуын
болжайды. Бұл процесс белгілі бір тәртіпті, ақпаратпен өзара алмасу
алгоритмін, әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды ұйымдастыруды талап етеді.
Біз көп компонентті құжат болып табылатын ақпаратпен өзара алмасу картасы
туралы айтып отырмыз, оны біз 4-суреттен көре аламыз. Мемлекеттік органдар
және (немесе) бизнес, қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара ақпараттық алмасу
схемаларын жүзеге асыру тәртібін белгілейтін мәліметтер: деректерге қол
жетімді алгоритмі (Кесте 2) қандай жүйеде деректер бар, деректер иесі,
көрсеткіштер тізбесі (Кесте 3).
Сурет 4 – Ақпаратпен өзара алмасу картасының негізгі компоненттері
Ескерту – авторлармен құрастырылған
Ақпараттық өзара
әрекеттесу картасы
Деректерге қол жеткізу
алгоритмі
Көрсеткіштер мен
олардың атрибуттарының
сипаттамасы
Қатысушылар және
олардың өзара
әрекеттестігі
Ауылдық округ
әкімдігі
Аудан, облыс
әкімдіктерінің, ОМО
басқармалары
Әлеуметтік желілер
және интернет
Мемлекеттік органдардың деректер
қоры
Ауылдық округ
тұрғындары
«Smart Bridge»
сервисі
«Ауылдық округтің
цифрлық әкімдігі» АЖ
Сурет 4 – Ақпаратпен өзара алмасу картасының негізгі компоненттері
Ескерту – авторлармен құрастырылған
Жұмыстың маңызды кезеңі деректерді тазалау мен құрылымдаудан, интерактивті ақпараттық па-
нельдерді құру және өтпелі аналитиканы құруға мүмкіндік беретін әкімдіктің бизнес-процестерін
өзгертуден бастап, құрылымдаудың әртүрлі дәрежесіндегі деректерді алу, өңдеу және пайдалану тех-
нологиясы жатқызуға болады.
Ақпараттық картаны сипаттау үшін жаңа терминдерді енгізген жөн (ақпараттармен өзара алмасу
кезінде әкімдік екі рөлде қатыса алады: тұтынушы және ақпаратты жеткізуші):
Деректерді тұтынушы – республиканың және өңірдің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ішкі
процестер үшін талдамалық шешімдерді әзірлеу үшін қажетті құжаттарды және / немесе мәліметтерді
заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес республикалық, өңірлік және/немесе жергілікті дерек-
тер жеткізушілерден талап ететін мемлекеттік биліктің атқарушы органы.
Республикалық деректерді жеткізуші – «Smart Data Ukimet» платформасы, атқарушы биліктің
орталық органы, атқарушы биліктің орталық органына ведомстволық бағынатын, мемлекеттік
қызметті ұсыну және (немесе) өзінің бизнес-процестерін автоматтандыру, заңнамалық және норматив-
тік актілерге сәйкес талдамалық деректер шешімін әзірлеу үшін тұтынушыға қажетті құжаттары және/
немесе мәліметтері бар ұйым [12].
Өңірлік деректерді жеткізуші – ЕХД өңірлік дерекқоры, өңірдің мемлекеттік билігінің атқарушы ор-
ганы немесе өңірдің мемлекеттік билігінің атқарушы органына ведомстволық бағынысты, мемлекеттік
қызметті ұсыну немесе заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес талдамалық деректер шешімін
әзірлеу үшін тұтынушыға қажетті құжаттары және/немесе мәліметтері бар ұйым.
Жергілікті деректерді жеткізуші – жергілікті өзін-өзі басқару органына ведомстволық бағынатын
ұйым, мемлекеттік қызметті ұсыну немесе заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес талдамалық
деректер шешім әзірлеу үшін тұтынушыға қажетті құжаттары және / немесе мәліметтері бар бизнес
ұйымы.
Ақпараттық картаның «деректерге қол жеткізу алгоритм» компонентінің сипаттамасы 2-кестеде
келтірілген.
ГОСУДАРСТВО И БИЗНЕС: ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА УПРАВЛЕНИЯ
STATE AND BUSINESS: THEORY AND PRACTICE OF MANAGEMENT