Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата27.07.2022
өлшемі6,12 Mb.
#37941
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Түйін сөздер: оғыз тайпалары; орта ғасырлар; таңба; белгі; таңбатану; түркі ха-
лықтары.
DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-133-4-117-127
Кіріспе. Ортағасырлық қазақ даласы 
түбі бір түркі халықтарының алғашқы 
мемлекеттері бой көтерген тарихи-мәдени 
аймақ. Жалпы адамзат тарихына ортақ 
өркениеттердің ошағы саналатын Еуразиялық 
Ұлы дала белдеуінің жүрегінде орналасқан 
бұл өлкенің тарихын зерттеудегі маңызды 
деректердің бірі – таңбалар. Таңбалар жер 
бетіндегі адамзат баласының барлығына 
ортақ, түп-тамыры тереңде жатқан құбылыс. 
Қазақстан жерінде алғашқы белгілері тас 
дәуірінде байқалып, қола кезеңінде үлкен 
бір жүйеге айналған таңбалар [1, 14-15 
бб.] ежелгі адамдар арасындағы айрықша 
қатынас құралы болды. Оның дерек 
ретіндегі маңыздылығы мен күрделілігі 
қатар жүреді. Соңғы жылдары түркі тілдес 
елдердің зерттеушілері тарапынан аталмыш 
тақырыпқа қызығушылықтың артуы себепті 
мәселенің түрлі аспектілерін қамтыған 
зерттеу еңбектерінің саны көбейіп, деректер 
қоры күрт өсті. Осы еңбектердің арқасында 
Қазақстанның ортағасырлық халықтарына 
тән таңба-белгілердің тарихи жағырафиясы, 
хронологиялық шеңбері біршама айқындалып 
қалды. Таңбалардың генезисі, этномәдени 
тиесілілігі, қызметі, ішкі мәні тәрізді кейбір 
мәселелерді қайтадан қарастыру қажеттілігі 


118
№ 4(133)/2020
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы
ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489
туды. Зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу 
әдіснамасының жалпыға ортақ нұсқасының 
қалыптаспағандығы белгілі болды. 
Қазақ таңбатануындағы осындай өзекті 
мәселелердің бірі – оғыз таңбаларының 
зерттелуі. Негізінен Сырдарияның орта және 
төменгі ағысын, сондай-ақ оған жапсарлас 
жатқан Қазақстанның батыс далаларын мекен 
етіп, IX–X ғғ. мемлекет құрған оғыз тайпалары 
өздерінің көші-қон және жаугершілік 
әрекеттерінің арқасында қазақ, қырғыз, татар, 
башқұрт, түркімен, өзбек, қарақалпақ, ноғай, 
әзірбайжан халықтарының және Анадолы 
түріктерінің этникалық қалыптасуына өз 
үлесін қосты [2, 7 б.]. Оғыздардың бастапқы 
орналасқан жері Орта Азияның оңтүстік-
шығыс аймақтары болса керек, ал ерте 
оғыз тобының құралған жері Батыс Жетісу 
деп саналады [3, 312 б.]. Қазіргі уақытта 
оғыз таңбалы ескерткіштер Жетісудан
Сыр бойынан және Батыс Қазақстаннан 
табылып отыр. Олардың ең ертесі Жетісу 
аймағының ескерткіштеріне тән [4, 61 б.]. 
Оғыз таңбаларының тарихи, археологиялық, 
этнологиялық, 
мәдениеттанушылық, 
өнертанушылық 
қырынан 
жан-жақты 
қарастырған еңбектердің негізгі бөлігі түрік 
ғалымдарының еншісінде [5, 431 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет