Вестник Карагандинского университета Əож 37: 372. 8



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата13.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#82188
  1   2   3   4   5


72 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 37:372.8 
А.С.Кудусов, Э.К.Мусенова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: emusenova@mail.ru) 
Стандартты емес есептерді шығару əдістемесі 
Есептерді шартты түрде шығару тəсілін субъектіге жақсы белгілі стандартты жəне стандартты емес 
деп бөлуге болады. Стандартты емес есептерді шешудің негізгі əдісі — оларды бір немесе бірнеше 
стандартты есептерге түрлендіру. Алайда оған жету аса күрделі əдіс. Стандартты емес есептерді 
стандартты түрге түрлендірудің ізденіс əрекеттері бойынша ұйымдастырылған ұсыныстар эвристи-
калар, немесе эвристикалық тəсілдер, деп аталады. Барлық қалған алгоритмдерді алгоритмдік 
ұйғарымдар деп атаған дұрыс.
Кілтті сөздер: есептерді шешу əдістемесі, физикалық есепті шешудің алгоритмдері, стандартты емес 
есептер, идеалды шарттар (аспаптар), эвристикалық тəсілдер. 
Адамның кез келген əрекетін əр түрлі есептерді дəйекті шығару деп ойлауға болады. Кез келген 
есепті, сонымен қатар физикадан жаттығу есептерін шығару барысында біз əрекеттің логикалық жəне 
практикалық екі түрін жасаймыз: алгоритмдік — үлгі бойынша əрекет, жəне эвристикалық — осы үл-
гіні іздестіруге бағытталған əрекет. Сонымен, табылған үлгінің зерттелетін зат пен процестен өзгеше-
лігінің қатты болуы сонша, тіпті тиімді ұқсастықты көру нəтижесінде немесе мұндай мəселелерді ше-
шудегі жақсы дайындықтың арқасында, алайда өзара байланысты да байқауға болады. 
Əр жаңа есепті шығару барысында адам үлгі бойынша əрекет етуі үшін, оның өз санасында ал-
дын ала шешілген қарапайым бейнесі — сол жағдайдың үлгісі болу керек жəне өз санасында ол зерт-
тей бастайтын жайттың үлгісін жасауы тиіс. Модельдеу үдерісінде адам өзінің модельді нысандарына 
есепті шешудегі тек неғұрлым маңызды, шынайы, сондықтан бірегей жəне қайталанбайтын кескін 
қалдырып, зерттелу объектілерінің жеке ерекшеліктерінен дерексіздендіріледі. Есепті шығару кезінде 
іздеcтіру қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ой қызметінiң екi түрiмен сəйкес шартты екi түрге бө-
летiн əр түрлi нұсқаулар жасалған: алгоритмдік жəне эвристикалық. 
Есепте қойылған сұраққа жауап алуға əкелетін орындаудағы іс-əрекет жүйелілігі берілген есеп 
шешімінің алгоритмі деп аталады. 
Алгоритмді есте сақтаудың арқасында əр шығарылған есептің шешімінен біз басқа есептерді 
шығару барысында жүгіне алатын тағы бір үлгі аламыз. 
Ұқсас есептер үшін есептердің нақты түрін шығару алгоритмін құрайды. Бірақ біртектес есеп-
терді əр түрлі тəсілмен (əдіспен) немесе, керісінше, əр алуан түрлі есептерді бір тəсілмен шығаруға 
болады, сондықтан есептерді шығарудың қандай да бір тəсілін қолдану алгоритмдері бар. 
Егер алгоритмді анықтауды қатаң сақтаса, онда барлық əрекет нақты көрсетілген есептерді ше-
шу алгоритмін ғана алгоритм деп атауға болады. Барлық басқа алгоритмдерді есеп шығарушының əр 
кезеңде қандай əрекетті қалай жүзеге асыратынын өз бетінше түсіне алу қабілеттілігін ескере оты-
рып, онда əрекеттің негізгі кезеңі ғана көрсетілгендіктен, алгоритмдік ұйғарым деп атаған дұрыс. 
Физикадан əр алуан есептерді шығару барысындағы маңызды айырмашылыққа байланысты кез 
келген есепті шығарудың жалпы алгоритмін есепті шығарудың негізгі кезеңдерін санамалау түрінде 
тұжырымдауға болады [1]. 
Егер есеп стандартты емес болып табылса, онда нақты кезеңде оны шығаруда міндетті түрде 
проблема туындайды: əрі қарай не істеу керек? Яғни есеп жағдайын таныс түрге əкелу жəне алго-
ритмдік əрекетке қайта келу үшін қандай ойлау жəне практикалық əрекеттерді жасау керек екенін 
анықтау керек. Бұл мезетте іздестіру эвристикалық əрекетіне тарту іске асады. Эвристикалық қызмет 
үшін əрекеттің реттелген жүйесінің, байқау мен қателер əдісін қолданудың, интуицияға тірек жəне 
басқа есептерді шығаруда өзінде бұрын жүре болған, мүмкін аңдаусыз болған тəжірибенің болмауы 
тəн. Бұл іздестіру саналы, реттелген жəне мақсатты болу үшін стандартты емес есептерді стандартты 
есептерге айналдыруда арнайы ұсыныстар жасалады. Бұл ұсыныстар эвристикалық деп аталады [2]. 
Ұсынылған əрекеттердің жалпыланған дəрежесіне қарай эвристикалық ұсыныстарды үш деңгейге бө-
леді. Біріншіден, стандартты емес есептерді бір немесе бірнеше стандартты есепке айналдыру. Екін-
шіден, екінші деңгейлі эвристикалық ұйғарымдарға келесі кеңестерді жатқызуға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет